Путин: Жақын уақытта Сириядағы лаңкестік ошақтың көзі құртылады
Жақын арада Сириядағы лаңкестердің көзі толықтай жойылмақ, алайда олардың бас көтеруі де тууы мүмкін
Бұл жайында В.Путин Ресейге жұмыс сапарымен келген Сирия президенті Башар Асадпен болған кездесуінде айтты.
- Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға көп күш жұмсалды. Жақын арада Ресей бұл елдегі лаңкестік күрес шараларына нүкте қоймақ. Дегенмен, лаңкестер әлі де бас көтеруі мүмкін, - деді Путин кездесу барысында.
РФ президенті Асадқа лаңкеспен күресте басшылық еткен әскерилерді жеке таныстырып, жүздестірген. Олардың кейбірін Асадтың өзі де танитын болып шыққан.