Ангела Меркельге отставкаға кетуге ұсыныс берілді
Коалициялық келісімшарттарды жасасуда жіберген қателіктері үшін «Германияға арналған балама» партиясының лидері Ангела Меркельден отставкаға кетуді талап етті
- Меркель қателік жіберді, канцлагер қызметінен кететін уақыт келді. «Ямайка» коалициясын құру кезінде жіберген қателіктері Демократиялық христиан партиясы өкілдерінің өз лидерлеріне қатысы ойын өзгертуіне түрткі болуы тиіс, - деді Германияға арналған балама» партиясының төрағасы Александер Гауланд.
Бұған дейін Ангела Меркельдің бастамасымен үш партия біріге отырып, «Демократиялық христиан партиясы», «Христиан-социальды одағы», Еркін демократиялық партия біріге отырып, жаңа үкімет мүшелерін сайлау қажет болатын. Алайда Меркель өз ойлағанына жете алмады. Дүйсенбі күні Берлин қаласында үш партияның бірігіп үкімет құрмайтындығы белгілі болды. Ал келіссөздер бір айға созылған еді.
Енді жаңа үкіметті жасақтау үшін Германияда қайтадан сайлау өткізу қажет.