Сочиде Сирия мәселелері жөнінде Конгресс отырысы болмақ
Ресей елі Сириядағы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге ниеттеніп отыр.
РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев Сирия мәселелері жөніндегі Ұлттық Конгресс отырысы Сочиде өтетіндігін айтады.
- Бұл отырысты өткізуге Ресей ниет білдіріп отыр. Отырысты өткізуге арналған орынды бірден таңдау қиын болды. Сирияның өзінде өткізген отырыс әлдеқайда нәтижелі болар еді. Алайда бұл елде қауіпсіздік шаралары мықты емес. Сондықтан Ресейдің Сочи қаласында өткізуге шешім шығардық, - дейді Лаврентьев.