Трамп Конгрессіз ядролық соққы бере алады
Пентагон басшысы Джеймс Мэттистің пікірінше, Конгресстің бақылауын жедел бақылаумен шатастыруға болмайды
Американдық президент Дональд Трамп АҚШ-қа қауіп төнген жағдайда ядролық қаруды пайдалана отырып Конгресс рұқсатынсыз алдын алу шарасын жүргізе алады. Мұндай ықтималды сценарийді АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис келтірді.
- Егер олар (қандай да бір ел) мұны (ядролық соққыны) істемек болса, бұдан қашып құтылу мүмкін емес. Бұл біздің қолымыздағы жалғыз құрал емес, - дейді Мэттис, Халықаралық іс бойынша Сенат комитетінің тыңдауында конгрессен сұрағына жауап бере отырып.
- Меніңше Конгресс бақылауын, жедел бақылаумен шатастыруға болмайды, - дейді Мэттис сөзін жалғап. Ол «қолда бар жүйеге сен керектігін» және «оның қолайлы» екенін қосып айтты.
«Егер соққыдан қашып құтылу мүмкін болмаса» және «оны тоқтатудың жалғыз жолы болса» АҚШ Конгресс рұқсатынсыз алдын алу шарасына жүгіне алады.
- Мұны жүзеге асуы мүмкін демеймін. Мұны тоқтатудың өзге, дәстүрлі құралдары бар, - дейді Мэттис.
Следующая →