Вашингтон, Сеул және Токио КХДР елін жауапсыз азғырудан бас тартуға шақырды
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония қарулы күштері штабтарының жетекшілерінен құрылған комитет басшылары Гавайда кездесу өткізді
Келіссөзге қатысушылар Пхеньянды «жойқын, әрі ақылсыз» жоспарлардан бас тартуға, «өңірлік қысымды үдете түсетін жауапсыз азғырудан» ұстануға шақырды.
Кезлесуге АҚШ теңіз әскері корпусының генералы Джозеф Данфорд, оның оңтүстіккореялық әріптесі Чон Ген Ду және жапондық адмирал Кацутоси Кавано қатысты.
Бұл аралықта Корея Республикасының СІМ келесі жаңалықты хабарлады. Сеул және Пекин өкілдері КХДР ядролық бағдарламасы бойынша алты жақты келіссөз барысында қытайлық астанада кезекті кездесу өткізуге келіскен. Жоспарлы кездесу барысында Корей түбегіндегі ағымдағы жағдайлар сарапқа салынады.
Следующая →