Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

28 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Каталония автономиясы кеңейтілуі мүмкін

Испания Сыртқы істер министрі Альфонсо Дастистің айтуынша, Каталонияның бүгінгі дағдарысы өңір автономиясының кеңейтілуіне алып келуі мүмкін.

- Тек Испанияда емес, әлемде әлеуеті ең зор өңір болса да оның тәуелсіздігі туралы мәселе автономиясының кеңейтілуінен әрі аса алмайды, - дейді Дастис.

Ол Каталония тәуелсіздігін жақтайтындарды сайлауға байкот жариялаудан бас тартуға шақырды. Себебі ол «заң аясында өтіп, қорытындысы лайықты құрметке ие болады».

Иран басшысы Трамппен кездесуден бас тартты

Иран президенті Хасан Роухани 2017 жылдың қыркүйек айында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізуден бас тартқан, деп хабарлайды Fars агенттігі.

Біріккен ұлттар ұйымында Иранды сынай сөз сөйлеген Дональд Трамп бірер күннен соң Роуханиді кездесуге шақырған.

Ирандық сарапшы Махди Фазаэлидің айтуынша, делдалдық көрсетіп, иран жетекшісінің шешіміне Франция президенті Эмманюэль Макрон ықпал етпек болған, «бірақ қолынан келмеді». Сарапшы американдықтардың осындай бастаманы бірнеше рет қолға алғанын да айтады.

- Америкалықтар мұндай келіссөзден көп пайда түсіретініне сенеді. Алайда бұл Иранға тек қана зардабын тигізеді, - дейді Фазаэли.

Кейін Иран СІМ өкілі Бахрам Касеми Фазаэлидің сөзін растаған. Алайда Макронның делдалдық танытқанын жоққа шығарды.

Трамп: Клинтонды жауапкершілікке тарту керек

АҚШ президенті Дональд Трамп өз атына Хиллари Клинтонның жалған дерек жинағанына республикандықтардың «ашуланып, топтасып» отырғанын, оның атына тергеу жүрмеуіне наразылық білдіретіндерін Twitter арқылы жазған.

- Жалған дерек жинаған Клинтонның атына тергеу жүрмей жатқандықтан, республикандықтар менің алаңдаушылығыма бірлік танытып отыр, - деп жазады американдық жетекші.

Оның айтуынша, демократтар үміткерін жазаға тартатын айып тек бұл емес.

- Ресеймен уран жөніндегі келісім (33 мың долларға тең) мен қосымша электронды хаттар табылды. (ФФБ экс-басшысы Джеймс) Коми мұны шешті. Мұның орнына олар жалған Трамп/Ресей байланысын іздейді, - дейді АҚШ президенті.

- Демократтар бұл жалмауыздарды қудалау әрекетін (бізге) соққымен жауап беру үшін пайдаланады. Қазір демократтар мен Клинтонның кінәсі туралы фактілердің барлығы ақтарылуда. Бірдеңе істеңдер! - деп қорытындылады Трамп.

Сауд Арабиясының әйелдері енді стадиондарға бара алады

2018 жылдан бастап Сауд Арабиясындағы әйелдер ел стадиондарында өтетін спорттық шараларды тамашалай алады.

- Жанұяларды 2018 жылдан қабылдай алу үшін, бас спорттық басқарма Эр-Рияд, Эд-Даммаме және Джедде стадиондарын қайта құрумен айналысады, - дейді Турки аш-Шейх мекемесінің басшысы.

Жуықта Сауд Арабиясының королі әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беретін қаулы шығарды. Ал білім министрлігі мектептердегі қыз балаларға спортпен айналысуға рұқсат берді.

Британ жағалауында сегізаяқтар қаптап кетті

Жануарлардың жағалауға не үшін келгені әлі белгісіз. 

Бұйра сегізаяқтар Ұлыбритания жағалауында кең тараған. Бірақ олар жүз метр тереңдікте өмір сүреді.

Бристоль университетінің биологы Стив Симпсон сегізаяқтардың әрекетін «өте оғаш» санайды.

Плимуттегі Ұлттық теңіз аквариумының қызметкері Джеймс Райт жануарлармен бір жайт орын алуы мүмкін дегенді айтады.

- Сегізаяқтардың жағалауға келуінің белгілі бір себебі бар. Тектен-тек емес. Бұл -олардың жағдайы нашар деген сөз, - дейді ол.

Райттың айтуынша, сегізаяқтар дауылдан соң орын алған атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты жағаға қарай келуі мүмкін.


Следующая →