Есірткінің кең таралуына байланысты Трамп АҚШ-та ТЖ жарияламақ
Есірткілер мен опиаттарды пайдалану жағдайы күрт өсіп кеткендіктен АҚШ президенті Дональд Трамп елде төтенше жағдай жарияламақ
- Келесі аптада есірткіге байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланады. Опиуммен орын алған жағдай мүшкіл, - дейді американдық жетекші.
АҚШ президентінің пікірінше, бұл мәселенің шешімін Мексика шекарасында дуал орнату арқылы табуға болады. Мұндай шектеу заңсыз миграцияның да алдын алар еді.
Соңғы жылдары Құрама Штаттарда жасанды опиум қолдану фактісі жиілеп кетті. Жыл сайын 200 млн рецептіге дейін жазылады. Бұл есерткілерді пайдаланушылар саны 2 млн адамды құрайды. Бұл героин есерткісін пайдаланушылардан екі есеге көп. Бұл медициналық дәрілерді мөлшерінен көп пайдалану салдарынан өлетін адамдар саны да көбейген.
Тамыз айында опиатқа басыбайлылықпен күрес бойынша жиналыс өткізген.
Следующая →