25 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Күрдістан референдум қорытындысын тоқтатуға дайын
Ирактық Күрдістан референдум қорытындысын тоқтатып, Бағдатпен диалог орнатуға дайын екенін мәлімдеді. Мұндай хабарландыру өңір үкіметінің сайтында жарияланды.
- 2017 жылдың қазанында басталған Ирак пен Пешмерги күштерінің арасындағы шабуыл екі жаққа да шығын әкелді. Сонымен қатар ирак қоғамының арасындағы әлеуметтік қобалжу мен қасіретке, үздіксіз қантөгіске алып келді, - дейді мәлімдемеде.
Өңір үкіметімен жарияланған ұсыныстар арасында – Күрдістандағы әскери операциялар мен атысты тегіс тоқтату, референдум қорытындысын жауып, конституция негізінде Бағдат пен Эрбил арасында ашық диалог өткізу.
Трампқа Ресей туын лақтырды
АҚШ президенті Дональд Трампқа бүктелген ресейлік туды лақтырды. Оқиға Трамп Капитолия мекемесінде республикандық-когрессмендермен ланчқа бара жатқанда орын алды.
Трамп дәлізбен келе жатқанда журналистер арасындағы ер адамның бірі бүктелген ресейлік туды лақтырып, «Трамп – сатқын!» деп айқайлаған. Үш жолақты ту президентке жетпей қалған. Ал Трамп бұған тіптен мән бермеген.
Капитолия күзеті ер адамды ұстаған. Ол Амеркандықтар әрекеті қозғалысының мүшесі Райан Клэйтон болып шықты.
Сингапурда жаңа көліктерді тіркеуге тыйым салынады
Сингапурда 2018-20 жылдар аралығындағы жаңа автокөліктерді тіркеуге тыйым салынады. Бұл туралы сингапурлық көлік басқармасының сайтында хабарланды.
Елде қоғамдық көлікті жетілдіру жоспарлануда. Сигапур билігі теміржол инфрақұрылымын инвестициялауды жалғастыруда.
2018 жылдың ақпан айынан бастап жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер автопаркі өсімінің нөлдік квотасы енгізіледі. Жағдай 2020 жылы қайта қаралады.
Қазір Сингапур жолдары ел төңірегінің 12 пайызын алып отыр. Жыл сайны жеке көліктер саны 0,25 пайызға өсіп отырады. Бұл шектеулер қаладағы кептелісті азайтады.
Елизавета ІІ ат жарыстарынан 9 млн доллар ұтқан
Журналистер Ұлыбритания Королевасы Елизавета ІІ-нің ат жарысынан қанша пайда тапқаны есептеді. Монархтың жануарлары 8,8 млн теңге пайда әкелген.
Жеңістің басым бөлігі 2016 жылға тиесілі. 365 күн ішінде 735 мың доллар пайда түсіп, рекорд орнатылған.
Елизавета жылқы жарысынан 1988 жылдан бері қаржы алып келеді. Бұл уақыт аралығында оның тұлпарлары 2,8 мың жарысқа қатысып, оның 20 пайызын жеңіп шыққан. Инфляцияға байланысты сыйақы мөлшері жыл сайын өсіп отырған. Ал королева жыл сайын орта есеппен 300 мың доллар пайда тауып отырған.
2017 жылы монарх тұлпарлары 20 рет бірінші орынға ие болған. Олардың көбі Электор есімді жүйріктің арқасында. Ол әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген.
Басылымның хабарлауынша, Елизавета бәйгеге ешқашан ақша тігіп көрмеген. Тек жеңіс сыйақысымен қанағаттанады.
Норвегияда су асты мейрамханасы ашылады
Норвегия кәсіпкерлері ерекше мейрамхана ашуды көздеп отыр. Келушілер панормалық терезе арқылы су асты әлемін тамашалай алады. Мекеме суға түсіп кеткен пенал пішінінде болып, бетоннан тұрғызылады.
Меню теңіз азық түліктерінен тұрады. Сыйымдылығы 100 адамға дейін болады деген болжам бар. Ал жобаның қашан жүзеге асатыны туралы хабарланған жоқ.