Трамп: АҚШ БҰҰ қызметіне берілген
Американдық жетекшінің айтуынша, ұйымның жетістіктері мықты егемен елдер одағына байланысты болмақ
АҚШ президенті Дональд Трамп Штаттардың БҰҰ қызметіне берілгендігін айтып, 24 қазан күнін өз елінде БҰҰ күні деп атады.
- Халықаралық дауларды шешуде БҰҰ маңызды рөл атқарады және оның мықтылығы егемен елдердің одағына байланысты болып келеді... БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды форум болып табылады, - деп жазады Трамп өзінің үгіттеу қағазында.
Американдық жетекшінің айтуынша, АҚШ БҰҰ-ның өз елдеріне есеп беріп отыруына үміт артады. Оның мәлімдеуінше, бұл тәжірибе «үкімет халыққа есеп» береді дегенге саяды.
- Өз әлеуетін жүзеге асыра алуы үшін БҰҰ көптеген жұмыс атқаруы керек. Біз оның болашақ ұрпаққа керемет өмір сыйлау мақсаттарына берілгенімізді айтымыз, - дейді АҚШ президенті.