Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

24 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Сан-Францискода жабылып қалған РФ консулдығының мұрағаты қайтарылды
 
- Сан-Францискода 2 қыркүйек күні мұрағатты шығару мақсатында жабылған Ресейдің бас консулдығына кіруге американдық билік рұқсат бермей отыр. Өздері мұрағаттарды қаптап, Вашингтонға алып кетті. Бұл Ресей СІМ мен елшілігінің бірнеше рет қарсыласуына қарамастан жасалған әрекет. 23 қазан күні мұрағат елшілікке қайтарылды, - дейді мәлімдемеде.
Елшілікте консулдық мұрағаттар мен құжаттарына «кез-келген уақытта, орналасқан жеріне қарамастан қол сұғылмайтынын» ескерткен.
- Өз әрекеттерімен американ жағы Вена конвенциясын қатаң бұзып отыр, - дейді елшілік хабарландыруында.
Дипломатиялық миссия мәлімдемесінде, Вашингтон әрекетінің Ресейдегі АҚШ елшлігіне деген қарым-қатынастың қандай болуы керектігін түсіндіргенін айтады.
 
Германия Израильге үш сүңгуірқайық тасымалдайды
 
Германия үкіметі Кил қаласындағы ThyssenKrupp Marine Systems компаниясымен тұрғызылған үш сүңгуір қайықты Израильге тасымалдауға келісті. Бұл туралы ФГР канцлерінің реми өкілі Штеффен Зайбер журналистерге мәлімдеді.
Аталған сұрақ бойынша өзара түсіністік туралы үкіметаралық меморандумға 23 қазан күні қол қойылады.
Бұл келісім Берлиннің қаржылай қолдауымен өтеді. Берлин бұл қадамын «Израиль қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ФГР ереке жауапкершілік артады» деп түсіндірді. Келісімнің жалпы құны 1,5 млрд еуроға бағаланып отыр.
Айта кету керек, келісімшарт орнату үрдісі Израильге неміс сүңгуір қайықтарын тасымалдауда шыққан жемқорлық туралы шатаққа байланысты тоқтап қалған. Бұл іс бойынша шілде айында жеті адам ұсталды.
Тағы бір назар аударатын жайт, Дельфин санатындағы бұл қайықтарға ядролық қару орнатуға мүмкіндік береді. Сондықтан оның Таяу Шығысқа тасымалдануы Германияда біршама әңгіме тудырды. Израиль БАҚ өкілдері бұл келісімге ел премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың жақындары араласуы мүмкін деген.
 
Американдықтар пневмонияны өлтіретін дәрі ойлап тапты
 
Буффалодағы Нью-Йорк штаты Университетінің қызметкерлері пневмококтың 72 штаммынан сақтайты дәрі ойлап тапты. Медиктер бұл дәріні аурутудырушы 23 бактерияға қарсы сәтті пайдаланды.
Жаңа дәрі бірнеше емханалық сынақтардан өтті. Тәжірибе барысында бірнеше жайттар түсінікті болды. Дәрілер 90 танымал штаммдардың 72-сіне әсер еткен. Дәрінің әсерлілігі дәстүрлі Prevnar және Pneumovax вакциналардан асып түскен.
Зерттеу авторларының айтуынша, қазіргі таңда бар дәрілер адам ағзасына зиян тигізбейтін бактерияларды да құртады. Ал жаңа дәрі қатерлі ауруды тудырушы жеке «колонияларға» әсер етеді.
2004 жылы пневмониядан екі миллионнан астам бала қаза тапқан. 11 жылдан соң бұл көрсеткіш миллионнан төмендеді. Бұл тек 23 бактерияны жоятын дәрілердің көмегімен жеткен жетістік. Енді дәріні ойлап табушылар адамзатты өкпе ісігінен айырамыз деген үмітте.
 
Чех президенті журналистерді «қудалайтын» қаруын көрсетті

Аты шулы чех президенті Милош Земан баспасөз-конференциясы барысында журналистерді «қудалайтын» қаруын көрсетті.
Конференцияға «журналистерге» деген жазуы бар Калашников автоматының жасанды нұсқасын алып шығып, Чехия президенті тағы шатаққа қалды.
Оқ дәрі магазинінің орнына чех тұнбасы оратылға автоматты көрген заңгерлер мен журналистер, бұл әзілді тұмшаланған қорқыту деп бағалады.
Айта кету керек, Чехия басылымдары президенттерін аса жақтырмайды. Мемлекет басшысы өз кезегінде журналистерді көң және қорқау деп атаған.
 
Грецияда қысқы Олимпиада отын жағу жаттығуы өтті
 
Олимпиад отын жағу рәсімі 24 қазан күні өтеді.
Грецияда 2018 жылғы қысқы Олимпиада отын жағу рәсіміне дайындық өтті.
Аталғандай, дайындық барысында грек әртісі Катерина Лечу жоғарғы абыз рөлінде Көне Олимпияның Гера ғибадатханасында от жақты.
Алау 1 қараша күні Оңтүстік Кореяға келеді. Ал 9-25 қараша аралығында Пхенчхан қаласында қысқы Олимпиада-2018 өтеді.
Следующая →