Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

21 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трамп: АҚШ кез келген жағдайға дайын

Fox News арнасына сұхбат берген АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның айналасындағы кез келген жағдайға Вашингтонның сақадай сай отырғанын мәлімдеді
- Барлығына дайынбыз. Қаншалықты дайын екенімізді білсеңіздер таң қаласыздар, - дейді американдық жетекші.
Трамп КХДР еліне қысым көрсетіп отырған Қытайдың да үлесін бағалады.
- Қытай шынымен көмек көрсетуде. Солтүстік Корея үшін барлық қаржы жүйесін жауып, мұнай тасымалының деңгейін төмендетті, - дейді нақыталай келе. - Солтүстік Кореяға баратын заттардың 93 пайызы Қытай арқылы өтеді.

Италияның екі өңірі автономиялыққа дауыс берді

Италияның солтүстігінде орналасқан Ломбардия мен Венето тұрғындары өз өңірлерінің автономиясына дауыс берді, деп хабарлайды АР.
Ресми түрде дауысты есептеу үрдісі аяқталмаса да, екі облыстың басшылары референдум қорытындысын жариялап қойған.
Ломбардияға келген дауыс берушілер саны 40 пайызды құраса да, автономияны 95 пайызы қолдаған. Ал Венетоға 60 пайыз дауыс берушілер келіп, олардың 98 пайызы автономияны қолдады.
Агенттіктің хабарлауынша, дауыс қорытындысы Италияның бүтіндігі мен экономикасына ауыр соққы болуы мүмкін. Себебі Ломбардия мен Венето бүгінгі таңда италияндық жалпы ішкі өнімнің 30 пайызына ие болып отыр. Ал бұл жердегі халық саны елдің төрттен біріне ие.
Каталониямен салыстырғанда, Италия билігі Ломбардия мен Венето референдумдарын қолдап, ол заң аясында өтті.
Ломбардия мен Венето – Италияның ең бай өңірлері. Автономия статусы жергілікті билікке иммирграция және әлеуметтік саясат сұрақтарын өз еркімен шешуге, қауіпсіздік сұрақтарына, салықтық кіріс сұрақтарына еркіндік береді.


БАҚ: ОББ Ауғаныстандағы талибтермен күресті күшейтеді

Орталық барлау басқармасы Кабулмен бірлесе отырып радикалды Талибан ұйымының жауынгерлерімен күресу үшін тәжірибелі АҚШ офицерлерін жіберуде, деп жазады The New York Times.
Газеттің хабарлауынша, ОББ өзінің басты назарына Аль-Каидадан талибтерген бұрған.
Мекеменің мұндай қадамдары АҚШ президенті Дональд Трамптың Ауғаныстан бойынша жаңа стратегиясы болуы мүмкін.

Швейцариялық жасөспірім балтамен елге шабуыл жасады

22 қазан күні 17 жасар Латвиялық жасөспірім швейцарлық Флумс коммунасындағы өткінші адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды The Sun.
Құқыққорғаушылардың хабарлауынша, жігіт пошта бөлімінің жанында адамдарға шабуыл жасап, ұрланған көлікпен қашып бара жатқанда апатқа түскен.
Біраз уақыттан кейін жанармай бекетіне келіп, шабуылын жалғастырған.
Бекетке келген полиция қаскүнемді атып, жаралаған. Осыдан кейін ұсталып, ауруханаға жеткізілген.
Зардап шегушілер саны мен олардың халі туралы дерек жоқ. Жасөспірімнің қандай мақсатпен шабуыл жағаны да белгісіз. Алайда полиция мұның терроризмге қатысы жоғын хабарлайды.

Мамандар сенімді құпиясөзді қалай құру керектігін айтады

Соңғы кездері компьютерлік қаскүнемдер ерекше белсенділік танытуда. Олардың әрекетінен қатардағы пайдаланушылар зардап шегуде. Бұл адамдар әлеуметтік желідегі парақшаларды, ғаламтор банктерін және өзге ресурстарды көздейді, деп хабарлайды Vistanews. Көп жағдайда құпиясөздің қауіпсіздігін елемейтін пайдаланушылардың өздері кінәлі келеді. Кейбір адамдар тіпті барлық аккаунттарына бірдей құпиясөз жаза салады.

Белгілі бір оқиғаға тап болғанға дейін адамдар құпиясөзді ұмытуға немесе жоғалтып алуға қорқады. Бұл жағдайлардың барлығын ескере отырып, киберқауіпсіздік мамандары ерекше құпиясөз құрудың жолдарын хабарлайды. Яғни кішкентай және үлкен әріптерден тұратын сөздер. Ең бастысы аты жөніңнің бірінші әріптері мен туған күндерді орнатпаған абзал.
Следующая →