Финляндия НАТО құрамына кіруі ықтимал
Ресей Финляндияға қауіп төндірмесе де, Скандинавия мемлекеті НАТО-ға қосылу мүмкін.
- Финляндияға Ресей жағынан еш қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл жалпы пікір деп ойлаймын... Екі ел қарым қатынасы жақсы және ешқандай мәселелер жоқ... Біздің сыртқы саясатымыздың мақсаты, ең алдымен, көршілерімізбен жақсы қарым-қатынаста болу. Біз ЕО, БҰҰ, Солтүстік кеңесте, НАТО-мен ынтымақтастықтамыз, - дейді Финляндия сыртқы істер министрі Тимо Сойни.
Финляндия Швецияға сүйене ме деген сұраққа жауап бере отырып, Сойни бұл мәселе Хельсинкиде де, Стокгольмде де талқыланбағанын айтады.
- Финляндия, Швеция да НАТО құрамына кірмейді және екі елде де бұл мәселе талқыланған жоқ... НАТО құрамына кіруге шек келтірмейміз. Әрбір ел мұндай мүмкіндікке ие болуы керек. Бұл қазір Финляндия үкіметі үшін маңызды мәселе емес.