Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

20 қазанға арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларында орын алған маңызды жаңалықтарға шол жасады

Макронның еңбек реформасына 40 мың француз қарсы шықты Францияның барлық қалаларында 37,7 мың адам еңбек заңнамасының реформасына қарсы шықты, деп хабарлайды Europe1 радиостанциясы. Құқыққорғаушы органдардың хабарлауынша, Париждің өзінде қарсылық шарасына 5,5 мың адам қатысқан. Акцияны ұйымдастырушы CGT кәсіподағының дерегінше – шеруге 25 мың адам шыққан. Дегенмен, Париждегі манифестация айтарлықтай сабырлы өткен. Бірақ кейбір адамдар түтіндету құтысын лақтырып, қабырғаларға сурет салып, автобус аялдамаларын қиратып кеткен. Қарсылық шаралары Пау, Байонн, Рене, Тулуза және Лион қалаларында да өткен. Путин ресейлік БАҚ өкілдеріне қысым көрсеткен АҚШ-қа жауап беруге уәде берді Халықаралық Валдай пікірталас клубында сөз сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ ресейлік БАҚ өкілдеріне қысым көрсетсе лайықты түрде жауап беруге дайын екенін ескертті. - Мұндай жағдайда лайықты түрде және жылдам әрекет етеміз, - дейді ресейлік жетекші. - Бұқаралық ақпарат құралдарымыздың әрекетін шектейтін нақты әрекеттер байқасақ, бірден жауап қайырамыз, - дейді ол. Путиннің айтуынша, АҚШ-тағы ресейлік БАҚ айналасындағы жағдайлар түсініксіз, әрі демократияға қатысы жоқ болып тұр. Еуропарламент босқындарды үйлестірудің жаңа жүйесін құрады Еуропарламенттің ішкі істер бойынша комитетінде босқындарды автоматты үйлестіру жүйесі бойынша сайлау өтті. Сайлауда жүйені 43 адам қолдап, 16 дауыс беруші қарсы шықты. Енді Еуроодақ елдері қабылдайтын босқындар саны, нақты мемлекеттің халық саны мен экономикалық көрсеткіштеріне байланысты болады. Еуропарламент осыған дейін қабылдаған және жұмыс істеп тұрған Дублин келісімінен бас тартты. Бұл келісімге орай, ЕО шекарасындағы мемлекеттердің біріне босқын алғаш арыз берсе пана беру сұрақтары сол елдің иммиграциялық қызметімен қаралады. Қазіргі миграциялық кризис көрсеткендей, бұл регламент пайдасыз. Себебі Италия, Греция елдеріне босқындардың негізгі бөлігі келіп, бұл рәсімдер орындалмай қалды. Осыған байланысты бұл елдер мигранттардың өзге елдерге кедергісіз кіруіне еркіндік берді. Ішкі істер бойынша комитетімен құрылған ұсыныстар Еуропарламент сессиясында қолдау табуы керек. Тек осыдан кейін ЕО Министрлер кеңесінің қарауына тапсырылады. Мұнымен қоса босқындарды автоматты үйлестіруге қарсы шығып отырған Венгрия және Чехия сынды елдердің ұстанымына байланысты, Еуроодақтың жетекші органдары миграциялық дағдарыстың ортақ шешімін таба алмауда. Еуропарламент президенті: Еуропада Каталония тәуелсіздігін мойындамайды Еуропаның бірде бір елі Каталонияның тәуелсіздігін мойындамайды. Бұл туралы Еуропалық парламент президенті Антонио Таяни Cadena Cope радиостанциясына берген сұхбатында мәлімдеді. - Каталония еуропалық емес, испандық мәселе. Еуропа диалогқа келіседі, бірақ бұл – Испания мәселесі. Каталония тәуелсіздігін жарияламаса дұрыс еді. Себебі оның тәуелсіздігі ешкімді қызықтырмайды, Еуропада ешкім Каталония тәуелсіздігін мойындамайды, - дейді Еуропарламент басшысы. Оның айтуынша, бұл дағдарыстың шешімі испан заңнамасы мен Конституциясы айналасында анықталуы керек. Huawei Mate 10 Pro-ның өндірушілік қабілеті асыра мақталған Компанияның мәлімдеуінше, жаңа Huawei Mate 10 Pro смартфонындағы Kirin 970 процессоры электроника саласындағылардың түсіне кірмеген «керемет» өндірушілік қасиетке ие болған. Қытай компаниясының басшысы Ричард Ю өзінің өмірлік мақсатын Apple гаджеттерін «басып озу» деген болар. Huawei Mate 10 Pro жарияланған соң көптеген мақтаулы басылымдар, ғаламат пікірлер алды. Алайда бірнеше рет жасалған тестілеу үрдістері қытайлық брендтің асыра мақталғанын көрсетті. Смартфон тіпті екі гаджеттен де қалып қойған. Ал жуықта нарыққа шығатын iPhone X бұл смартфонды үштік «марапаттан» да ысырып тастауы ықтимал.
Следующая →