Мадрид Каталонияның тәуелсіздіктен бас тартуын күтуде
Бейсенбі күні Каталония өңірлік әкімшілігіне қойылған ультиматум мерзімі аяқталады. Карлес Пучдемон тәуелсіздікті жариялаудан бас тартуы керек. Барселона мұндай қадамға дайын емес
Испания үкіметі Каталония билігін уәкілетінен айырмақ. Өңірлік әкімшілік басшысы Карлес Пучдемонге ультиматум жарияланды. 19 қазан күні сағат 11-ге дейін тәуелсіздікті жариялаудан бас тартуға тиісті. Егер бұл орындалмаса, Мадрид «Конституцияның 155-ші бабын» қолданады. Бұл туралы парламенттегі сөзінде испан үкіметінің вице премьері Сорайя Саенс де Сантамария мәлімдеді. Бұл бап осы күнге дейін қолданылмаған және жүзеге асса Каталонияны автономиялық құқығынан айырады.
Испания премьер-министрі Мариано Рахо Брей Барселонамен диалогқа келуге дайын. Бірақ бұл үшін Мадрид заңсыз деп танитын Каталония тәуелсіздігі жарияланбауы тиіс. Пучдемон болса мұндай талаптардың алдын-ала қойылуын қорлау деп бағалады.
Каталония өңірлік әкімшілігінің ресми өкілі Барселонаның Мадрид талаптарына бағынбайтынын, тек диалогты бастаау туралы өз ұсыныстарын қайталайтындығын жеткізді.
Следующая →