Каталония басшысы Мадрид қойған ультиматумға жауап бермеді
Каталония әкімшілігінің аймақтық басшысы Карлес Пучдемон "ел өз тәуелсіздігін ресми түрде мойындады ма ?" деген сауалдан жалтарып, оған жауап қатпады.
Испанияның премьер-министрі Мариано Рахою Пучдемоннан «Каталония Мадридтен тәуелсіздік алды ма?» деген сұраққа тура жауап беруін талап еткен болатын.
- Бұл екеуара кездесе отырып шешетін мәселе, - деп құтылды Каталония басшысы бұл сауалдан.
19 қазан күні аталған сұраққа жауап беруге ультиматум қойылған. Егер ультиматум орындалмаса, онда Каталония өзінің автономиялық тәуелсіздігінен айырылып, аймақтық үкімет таратылатын болады.
Ал 10 қазан күні Каталония парламенті жиналып ел тәуелсіздігін жариялау жөніндегі құжатқа қол қойған болатын. Оның ішінде Карлес Пучдемон де бар.