16 қазанға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Ирак күші күрд жасағымен қақтығысты
Ирак қарулы күштері мен күрдтік пешмерга жасағы Крикук провинциясының оңтүстігінде қақтығысты
Қақтығыс провинцияның оңтүстігіндегі өңдірістік аймақта орын алған. Киркуктың бірнеше аудандарында атыс дыбысы естілуде.
Rudaw телеарнасы хабарлағандай, күрд жасақтары Киркукке жақындап келген ирак күшінің төрт автокөлігін жағып жіберген.
Ирак премьер-министрі және бас қолбасшысы Хейдар аль-Абади 16 қазанға қараған түні Киркук провинциясындағы мемлекеттік нысандар мен әскери базалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бұйрық шығарған болатын. Мұнымен қоса ол күрдтік пешмергамамен бірлесіп, қақтығыстан алшақ болуды талап еткен.
АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери дайындық жүргізуде
16 қазан күні Жапон және Сары теңізде АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери дайындықтарын бастады
Дайындыққа американдық соққы тобы атомдық Рональд Рейган әуе тасымалдаушысы басшылығымен, Тусон және Мичиган сүңгуір қайықтарымен бірге 40 кеме жұмылдырылды.
Жапон теңізіндегі бұл дайындық Корей түбегінде «төтенше жағдай» орын алса, КХДР елінің маңызды нүктелеріне соққы беру үшін өтуде.
Сары теңізде жаудың соққысын ұстауға бағытталған дайындықтар жүргізілуде.
Болжам бойынша, дайындықтар 26 қазанға дейін жалғасын таппақ.
ИМ құрамындағы шетелдіктер Раккадан шықпайды
АҚШ басшылық етіп отырған халықаралық коалиция қоршауға алынған сириялық Раккадан «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымына кіретін шетелдік жанкештілерді шығармайды.
- Олар ешқайда шықпайды. Жалғыз жол – берілу, - дейді коалиция өкілі полковник Райан Диллон Sky News Arabia-ға сұхбат бере отырып.
Ол ИМ құрамындағы жергілікті тұрғындардың келісім бойынша қаладан шыға алатынын да мәлімдеді.
Сомалиде теракт орын алды
Сомали ақпарат министрі Абдирахман Османның хабарлауынша, Могадишода орын алған жарылыс нәтижесінде 276 адам қаза тауып, 300-ге жуығы жарақат алған.
- Қазіргі уақытта Аш-Шабаб террористік ұйымының жауыз әрекетінен қаза тапқандардың саны 276 адамға, жараланғандар 300 адамға жетті, - дейді министр.
Reuters агенттігі хабарлағандай, бұл шабуылға әзірге ешкім жауапкершілік алмай отыр.
Age of Empires: Definitive Edition ойынының шығу мерзімі келесі жылға шегерілді
Ойын үрдісіндегі барлық кемшіліктерді анықтау үшін Age of Empires: Definitive Edition ойынын шығарушылар оның нарыққа шығу мерзімін келесі жылға қалтырды. Шығарушылардың айтуынша, ойынды жасауда қолданылған жаңа технологиялар геймерлердің пікірін біршама өзгертеді. Сондықтан жабық режимде өтетін тестілеу жұмыстары жалғасатын болады. Тестілеуден соң геймерлер шығарушыларға ойынның барлық кемшіліктерін атайды. Тек осыдан кейін ойын қоғамдық қолданысқа шығарылады.
Осыған дейін Age of Empires: Definitive Edition ойыны 2017 жылдың 19 қазанында жарық көреді деген болжам болған. Енді ойынның қашан шығатыны туралы нақты дерек жоқ. Тек жаңартылған ойынның геймерлерді тәнті қылатыны туралы айтылуда.
Следующая →

Тақырыптар:
Армия Ирака Иракский Курдистан Военные учения США и Южной Кореи Ситуация на корейском полуострове Армия США Теракт в Сомали Международные отношения Утренняя панорама мировых новостей