Ресей елшілігі ғимаратына америкалықтар басып кірген – Ресей Елшілігі
2 қазан күні белгісіз біреулер Сан-Фрациско қаласындағы Ресей елшілігі ғимаратының есігін бұзып кірген
Бұған қатысты АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт Ресей елшілігіне кірген адамдардың америкалықтарға еш қатысы жоқ деген болатын.
Ал Ресей елшілігі бұған қатысты:
- Бізде америкалық шенеуніктердің елшілік ғимаратына кіргенін бұлтартпай дәлелдейтін бейнежазба бар. Оның үстіне, шенеуніктер ғимаратқа кіріп қана қоймай, түнімен тінтіген, - деп жазды өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Следующая →