Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

29 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Ұлыбританияда екі неонацистік ұйымның әрекетіне тыйым салынды Ұлыбритания билігі антитеррористік заңнама негізсінде тыйым салынған ұйымдардың қатарына екі топты кіргізді - «Шотланд таңы» және NS131, деп хабарлайды Би-би-си телерадиокорпорациясы. Британдық тергеушілердің пайымдауынша, екі ұйым былтырғы жылдың соңында тыйым салынған «Ұлттық әрекет» ұйымымен тығыз байланыста. Ұлыбритания ІІМ басшысы Эмбер Радд «шірік нәсілшілдердің» «жасырын ат» қолдануына жол бермейтінін айтқан. Жуықта британ билігі «Ұлттық әрекет» тобының ісін тергеу аясында 11 адамды қамауға алған. Қазіргі Ұлыбританияның антитеррористік заңнамасына орай, мұндай ұйымдардың қатарында болу немесе оларға қолдау көрсету қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қыркүйек айында Бразилияның бюджеттік дефициті 27 млрд долларға жетті Бразилия федералды бюджетінің дефициті ағымдағы жылдың сегіз айында рекордтық 85,8 млрд реалға жеткен. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды. 1997 жылдан бері тіркеліп келе жатқан бұл көрсеткіш өз тарихында шегіне жеткен. Былтырғы жылдың жағдайымен салыстырғанда Бразилия федералды бюджетінің дефициті 12,9 пайызға жеткен. Былтыр ол 75,99 млрд-қа жеткен болатын. Өткен айдың өзінде ғана мемлекеттік шығын кірістен 9,59 млрд реалға асып кеткен. Тамыз айында бюджеттік дефициттің жоспардан тыс өсуіне байланысты Бразилия билігіне жаңа кірісі көзін табу керек болды. Бұдан кейін 57 мемлекеттік компаниялар мен инфрақұрылым нысандарын жеке меншікке өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін Бразилияда бірнеше аукцион ұйымдастырылды. Сауда қорытындысы бойынша билік 12,13 млрд реал өндіріп алды. Бірақ бұл әрекеттермен төрт суэлектрстанциялары Еуропа мен Қытай компанияларының қолына өтті. Мәскеуде Lenta.ru редакциясына шабуыл жасалды Қаскүнемдер өрт қойып, мекеме сыртына свастика белгісін салып кеткен. Lenta.ru басылымы хабарлағандай, 29 қыркүйек күні Мәскеде Варшава тас жолында орналасқан редакцияға белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Аталғандай, шабуыл жасағандай өрт қойып, терезелерді шағып, нацистік белгілерді салып, дөрекі сөздер жазып кеткен. Оқиға нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ, полиция болған оқиға салдарын анықтауда. Каталонияда күштік құрылымдар тәуелсіздік туралы бюллетень таратып жүргендермен күресуде Референдум қарсаңында еріктілер көшеге шығып, дауыс беру бланктерін тарата бастады. Дегенмен тарату жұмыстары біршама қиындықтар тудыруы мүмкін – күштік құрылымдардың рейді ұйымдастырылуы мүмкін. Өңір полициясы Мадридтен бұйрық алған – дауыс беру бюллетендері мен конферттерін тартып алыңдар. «Россия 24» телеарнасы хабарлағандай полиция бейсенбі күні 2,5 млннан астам бюлеттен мен жүздеген сайлау жәшіктерін алып кеткен. АҚШ-та тележүргізуші тікелей эфирде темекі шекті Американдық телеарнаның жаңалықтар жүргізушісі тікелей эфирде темекі шекті. Бейнежазбаны Reddit пайдаланушылардың бірі жариялап жіберген, деп хабарлайды Лента.ру. Түсірілім барысында камера басқа сюжетке ауысу керек болатын. Бірақ қателік шығып, бұл жүзеге аспай қалды. Жүргізуші бұл туралы бейхабар болғандықтан тынығып алуды жөн көрді: электронды темекі шегіп, су ішіп, желкесін қасыды. Бұдан кейін ол келесі сюжетке дайындалды.


Следующая →