Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

28 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Еуроодақ Каталонияға мән бермей отыр

Испандық орталық үкімет пен Каталония арасындағы кризиске Еуроодақ мән бермеуде, деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы автономды аудан басшысы Карлес Пучдемон мәлімдейді.

- Олар өздерінің құзіреті жүрмейтін елдермен батыл сөйлеседі, ал өздерінің азаматтары көмек сұрағанда қайда жүреді? - дейді Пучдемон. - Каталондықтарға арқасын көрсету – Еуропаның шешімі ме?

Оның пікірінше жексенбілік референдум автономия тұрғындарының сөзін естіртеді.

- Бізге құлағдар болғысы келмейтіндер, саяси құлақ емшілеріне қаралсын, - дейді саясаткер.

Пучдемонның айтуынша, каталондықтар тәуелсіздік үшін дауыс беретін болса, еуропалық қауымдастыққа көмекке жүгінуге тура келеді.

Каталонияның Испаниядан шығуы туралы референдум 1 қазанға белгіленген. Осыған дейін автономия парламенті екі референдум өткізуге рұқсат берген. Сепаратистердің пікірінше оның біріншісінде тәуелсіздік туралы халық пікірін білу үшін құқықтық база қалыптасады, ал екіншісі Каталонияның Испания құрамынан шығуына себепкер болады.

Мадрид бұл екі заңды да заңсыз деп есептейді. Испания билігі референдумның өтпейтінін тілге тиек етеді, ал Каталония өз дегенінен қайтар емес.

Референдумге қатысушылардың 93 пайызы Курдистанның тәуелсіздігіне дауыс берді

Ирактік Күрдістанның тәуелсіздігі туралы референдумге қатысушылардың басым бөлігі Ирактан бөлінуді қолдап отыр, деп хабарлайды күрдтік «Рудау» телерадиоарнасы.

Референдум 25 қыркүйек күні өтті.

Бюллетенде Күрд-сорани, араб, ассирий және түркоман тілдерінде: «Өңір әкімшілігінің бақылауында емес күрт аймағы мен өңірлерінің тәуелсіз мемлекет болуына Сіз келісесіз бе?» деген жазба болған.

Барлығы 3 млн бюллетен қаралып шықса, олардың тек 220 мыңы Күрдістанның азат болуына қарсы.

Угандада құрғақшылықты тоқтату үшін адамдарды құрбандыққа шалуда

Құқыққорғаушы органдардың статистикасына сүйенсек, былтырғы жылы сиқыршылар жеті баланы құрбандыққа шалған, деп хабарлайды LiFE сайты.

Қыркүйек айында адамдарды құрбандыққа шалды деген 44 адам ұсталса, олардың бірі сегіз әйелді өлтіргенін мойындаған.

- Бұл қылмыстар салттық құрбандық шалу рәсімі болды, - дейді ел полициясының генерал-инспекторы Кейл Кайихура. - Қалған күдіктілерді ұстап, бұл тәжірибені түп тамырымен жою үшін көптеген жұмыстар атқарудамыз.

Былтыр 7 бала құрбан болса, 2015 жылы алты бала мен алты ересек адамдар құрбандыққа шалынған. Атап айту керек, құрбандық шалу рәсімінде тірі жатқан адамның дене бөлшектерін кесіп, ол жерлерден қан ағызады.

Шығыс Африкада қазір қатты құрғақшылық жүруде. Нәтижесінде 1,6 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін.

Итальялық әйел өз-өзіне күйеуге шықты

Итальялық Лаура Меси өз тойын дәстүрлі түрде атап өтті. 70 қонақтың қатысуымен өткен салтанатты шара барысында күйеуі болған жоқ.

Фитнес-жаттықтырушы болып қызмет ететін Меси 40 жасқа күйеуге тимесе өз-өзіне күйеуге шығатыны туралы ата-анасына берген сөзінде тұрды. Айта кету керек, Меси екі жыл бұрын 12 жылға созылған қарым қатынасын үзген.

- Ертегілер ханзадасыз да өтеді, - дейді ол.

Некенің мұндай түрі Италияда заңнамалық тұрғыда бекітілмеген. Сондықтан ресми түрде Меси бойдақ болып қалады.

Тайланд экс-премьері бес жылға қамалды

Тайланд үкіметінің бұрынғы басшысы Йинглак Чинават сыбайлас жемқорлыққа айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айрылды.

Билік басшыларының есептеуінше, мемлекетке 6,8 млрд доллар шығын келген.

Бұл істің шешімін тамыз айында жариялау көзделген болатын. Бұрынғы сот отырысына бұрынғы үкімет басшысы келмеген. Тағы бір отырыс барысында өз кінәсін жоққа шығарды.

Сот экс-премьер жоқ кезде үкім шығарды.

Сот Йинглак Чинаватты ұстауға ордер берді. Кейін оның Тайландтан кетіп қалғаны белгілі болды. Оның нақты орналасқан жері белгісіз. Болжам бойынша ол Біріккен Араб Эмираттарында.

Следующая →