Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

27 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

2018 жылы Ирландияда аборт жасауға тыйым салынған заңды алып тастау үшін референдум өтеді

Ирландияда 2018 жылдың мамыр айында медициналық тексерусіз аборт жасатуға тыйым салынған заңды алып тастау туралы референдум өтеді.

Бұл туралы сейсенбі күні ирландық RTE телекомпаниясы премьер-министр Лео Варадкараға сілтеме жасай отырып хабарлады

Ирландия Конституциясы осылайша 8-ші ре түзетуден өтеді. Қазіргі Констиитуция бойынша өмірге келмеген баланың өмір сүруге құқығы мойындалады және аборт жасауға қатаң тыйым салынады. Ирландияда анасының өміріне қауіп төнгенде ғана жүктілікті жасанды жолмен тоқтатады.

Телекомпанияның хабарлауынша, алдыңғы бір жарым жыл ішінде әртүрлік әлеуметтік және қоғамдық саяси сұрақтар бойынша сегіз референдум өтуі мүмкін. Олардың ішінде айырылысу үрдісі, шетелде тұратын ирландық азаматтарға президент сайлауына қатысу рұқсаты айтылады.

2001 жылдан бері Ирландия түрлі сұрақтар бойынша 15 референдум өткізді. Мысалы 2015 жылы бірі жынысты некені заңдастыру сұрағы бойынша референдум өтіп, Ирландия бүкіл халықтық дауыспен бұл неке түрін заңдастырған алғашқы ел болды.
 
АҚШ-та мексикалық шекараға салынатын дуалдың нұсқалары дайындалуда
 
Мексика шекарасында салынатын дуалдардың сегіз нұсқасы америкалық Сан-Диего қаласында салынып басталды, деп хабарлайды ТАСС.
Төрт нұсқа бетоннан, қалғандарының құрамы белгісіз. Олардың биіктігі 5-тен 9 метрге дейін жетеді.
- Нұсқалар 30 күн ішінде салынып бітеді деген болжам бар, - дейді американдықтардың айтуынша.
Мексика шекарасында дуал тұрғызу – АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды уәдесі. Бұл қабырғаны тұрғызу туралы қаулыға 25 қаңтарда қол қойылды. Дуал ұзындығы 3 мың шақырым болады.
 
Sony әзірге ықшам консоль шығармайтын болды

Sony Interactive Entertainment атқарушы директоры Эндрю Хаус Bloomberg-ке сұхбат беріп, ықшам консольдар мен ойындар индустриясы туралы баяндады. Хаус бұл бағытта PlayStation-нің тағдыры туралы айтып берді.
Эндрюдың айтуынша, қазіргі таңда ықшам консольдарға деген сұраныс Жапонияда ғана бар. Бұл елде әлі күнге дейін PS Vita танымал және оған арналып Батыста да жарияланбайтын ойындар шығып тұрады. Қалған елдерде ықшам консолдарды смартфон ойындары ығыстырып тастаған.
Осылайша, PlayStation ықшам консолдарды шығару туралы ойдан бас тартқан.
 
Сайлаушылардың 90 пайыздан астамы Күрдістан тәуелсіздігіне дауыс берген
 
Ирактік Күрдістанның тәуелсіздігіне 91,83% сайлаушылар дауыс берген, деп хабарлайды Күрдістан Жоғарғы тәуелсіз сайлау комиссиясы.
Есеп қорытындысы бойынша 3,44 миллион дауыс келісім берген.
Дауыс беруге 5,2 миллион адам құқылы болды. Сол сияқты Ирактың кез-келген азаматы дауыс беруге құқылы болды.
 

Джон Сной мен жабайы Игритт шынайы өмірде тұрмыс құрады


«Тақтар ойыны» сериалының жұлдыздары Кит Харингтон мен Роуз Лесли үйленетіндері туралы шешімге тоқталды, деп хабарлайды Лайф.
- Олар тойлары өтетін күнді әлі атаған жоқ, бірақ өткен аптада достары мен туыстарына неке құратындарын айтқан, - дейді актердің жақындары.
Жуықта Кит Харингтонның Ұлыбританияда 1,75 миллон фунт стерлингке үй сатып алғаны белгілі болды. Актердің жақыны бұл тұрмыс құруға деген соңғы қадам болғанын айтады.
Кит Харинтон Роузбен бірге жаңа үйде, бақытты күндерін сүріп жатқанын растаған.Дегенмен жұлдыздардың ресми өкілдері неке қию туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр. Ал актерлер ешқандай пікір айтпауда.
Следующая →