Филиппин президенті резиденциясының жанында белгісіз біреу оқ атты
Филиппинда президент Родриго Дутерте резиденциясының жанында белгісіз біреу оқ атты. Атыс кезінде бір әскер жарақат алды
Сейсенбі күні Маниладағы Малакананг президенттік сарайының маңында таңертең белгісіз біреу оқ атты. Оқиға саябақта орын алды. Ел басшысы қауіпсіздің қызметінің баспасөз хатшысы Майк Акино оқиғаның орын алу фактісін растады. Алайда, нақты әрі толық ақпарат қазіргі уақытта белгісіз. Қазіргі таңда полиция орын алған оқиғаға сарапта мен тергеу жүргізеді.
Тақырыптар:
Президент Филиппин Родриго Дутерте