Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

26 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Күрдістандағы референдумнан АҚШ-тың көңілі қалды

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ирактық Күрдістанда жарияланаған тәуелсіздік референдумынан «қатты көңілі қалғанын» білдірді. Вашингтонның пікірінше бұл әрекеттер өңірдегі тұрақсыздыққа алып келеді.

Мемлекеттік департаменттегі мамандардың пікірінше, референдум Күрдістан өңірлік үкіметінің Иракпен және өзге көрші елдермен қатынасын «қиындатып» жібереді.

Ақ үйдің өкілі Сара Сандерс айтуынша, «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымына қарсы тұру үшін Ирак төңірегі бүтін сақталуы керек және бұған АҚШ үлкен үміт артады.

- Ирактың тұтас қалып, ИМ жанкештілеріне қарсы тұра алады деген үмітіміз бар, - дейді ол журналистерге.

Ирактік Күрдістанның өз-өзін анықтау туралы референдумын Ақ үй сынға алған болатын. АҚШ елді референдум өткізуден бас тартып, Бағдадпен диалогқа келуге шақырған да.


Боливия президенті: Трамп – әлемге қауіпті

Боливия президенті Эво Моралес Твиттер арқылы американдық жетекші Дональд Трампты әлемге қауіпті адам деп хабарлады.

- АҚШ заңсыз санкциялары арқылы Венесуэладағы диалогқа байкот жарияламақ. Трамп – адамзат баласы мен әлем үшін үлкен қауіп, - дейді Моралес.

Айта кету керек, АҚШ президенті ел төңірегіне кіруге тыйым салатын азаматтардың тізімін кеңейту туралы шешім қабылдаған болатын. Оның ішіне Венесуэла, Солтүстік Корея және Чад кіреді.


Ақ үй КХДР елімен соғысуды «сандырақ» деді

АҚШ президенті Дональд Трамп Пхеньнянға соғыс жарияларды деген Солтүстік Кореяның мәлімдемесін Ақ үй әкімшілігі «сандырақ» деп атады.

- Солтүстік Кореяға соғыс жариялаған жоқпыз. Шындығын айтсақ, бұл мәлімдеме сандырақ, - жейжі Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сондерс.

Сара Сондерс КХДР елінің халықаралық сулардағы өзге елдердің ұшақтарын құлату туралы мәлімдемесіне де «көнуге болмайды» деген пікір айтты.


Эйнштейн теориясынан қате табылды

Глазго Университетінің (Ұлыбритания) ғалымдары физик Альберт Эйнштейннің салыстырмалылық теориясына жаңа тұрғыда қарауға тырысты. Олар теорияның негізін қалаушы қағиданы бұзатын қарама-қайшылықты анықтады, деп хабарлайды Gizmodo.

Эйнштейннің жалпы салыстырмалылық теориясына сүйенетін болсақ, барлық физикалық үрдістер тәуелсіз денелердің қайта санау жүйесінде бірдей ағымда болады. Басқаша айтқанда, егер сіз ғарыш кемесімен ұшатын болсаңыз, жарық жылдамдығын сезбейсіз – ол әрқашан қалыпты түрде болады.

Ғалымдар қозағалып тұратын атомдарда өзге үрдістердің жүретінін айтады. Мысалы, қозғалыстағы атом фотонды «түкіріп тастаса», бір орындағы атомнан әлдеқайда көп қуатынан айрылады.

Ғалымдардың түсіндіруінше, қалыпты атомдардың импульстік күші әдеттегідей сақталады. Ал қозғалыстағы атомның жылдамдығы үйкеліс күшіне байланысты азаяды. Яғни, бөлшектердің жағдайына әсер ететін төтенше сәулелену туындайды.

Негізінен, кейбір мамандар әртүрлі жылдамдық теориясына күмәнмен қарап, ғалымдардың E=mc2 формуласына жаңадан қарағанын айтады.


Македонияда белгісіз қала табылды

Көне заманғы белгісіз қала қалдықтары Македонияның оңтүстігіндегі Прилепец ауылының маңындағы қазба жұмыстары барысында табылды.

Ғалымдардың пайымдауынша, біздің заманымызға дейінгі IV-III ғғ. Бұл жерлерде экономикалық дамыған антика жергілікті орны болған. Табылған мекемелер македон кезеңінде салынып, ежелгі римдіктердің қолданысында болған.

Нысандардың бірі азық-түлік сақтауға арналған. Оның ішінен бидай салынған қыш ыдыстар табылған.

Құрылыс нысандарынан әшекей бөлшектері, қола тиындары, соңғы македон королі Персей бейнесіндегі ділдәлар табылған.

Следующая →