Макрон жүргізген реформаларға байланысты Францияда наразылық шаралары өтуде
Францияда кәсіподақтар президенттің еңбек заңнамасына енгізіп жатқан реформасына қарсылық ретінде жанармай орындарына апарар жолдарды жауып алды
Қарсылық акциялары дүйсенбіге қараған түні басталған. Анығын айтқанда, ереуілшілер Total мұнай өндіруші зауыт жолын тегіс жауып алған. Ал тәртіп сақшылары жолды ашпақ болғанда қарсылық білдірушілер мен полиция қызметкерлері арасында қақтығыс туған.
Сонымен қатар, Парижге жақын маңдағы жолдарды да ереуілшілер жауып алған.
Следующая →