Барселонада Каталония шенеуніктерін қамауға қарсы шығуда
Естеріңізге саламыз, 6 қыркүйек күні Каталония парламенті референдум туралы заң қабылдады. Бұдан кейін Каталония үкіметінің төрағасы Карлес Пучдемон құжатқа қол қойды
Каталонияның тәуелсіздігі туралы тыйым салынған референдумды дайындауға қатысқан 14 шенеунік қамауға алынып, өңірлік өкімет министрлігінде тінту жүргізілген соң мыңдаған адам Барселона көшелеріне шықты. Қаладағы қақтығыс салдарынан қаладағы автобус қозғалысы бұзылды.
Жуықта Испания азаматтық ұланы Барселонадағы мемлекеттік мекемелерде тінту жүргізіп, Каталонияның тәуелсіздігі туралы референдум құжаттарын іздестірген болатын.
Следующая →