21 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Меркель КХДР туралы: Кез-келген әскери шешім қате
Германия канцлері Ангела Меркель БҰҰ Бас ассамблеясында президент Дональд Трамптың КХДР елі туралы айтқан пікірімен келіспейді.
- Кез-келген әскери шешімді қате деп есептейміз және дипломатиялық күшке жүгінуді дұрыс дейміз, - дейді ол.
Меркельдің айтуынша, «дұрыс жауап – санкциялар мен олардың жүзеге асуы». Солтүстік Кореяға қатысты өзге әрекеттер «қате».
Германия канцлері бұл сұрақтарды жауапкершілікке ала отырып, КХДР айналасындағы қайшылықты шешуде бітімгер болуға дайын екенін айтты.
Меркель керісінше Иранмен ядролық келісімге келуді дұрыс санайды. Осыған дейін Трамп бұл келісімді «АҚШ сорақысы» деп атаған болатын.
ФГР канцлерінің айтуынша, «Солтүстік Кореяға келгенде Ресей, Қытай, АҚШ-пен бірлесе жұмыс істеу керек».
Иран Таяу Шығыстағы тыныштыққа қатер төндіруде – АҚШ
Халықаралық «Алтылық» бітімгерлерімен келісімге келген Иран Таяу Шығысқа әлі қауіп төндіруде. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерстон мәлімдейді.
- Өкінішке орай келісімге келген соң бейбіт және қалыпты өңірден басқаның бәрін көріп шықтық, - дейді ол.
Тиллерстон бұл келісім нәтижесінен бейбітшілікті күткенін айтып өтті.
КХДР Трамп мәлімдемесін «иттің үргені» деп бағалады
КХДР сыртқы істер министрі Ли Ен ХО АҚШ президенті Дональд Трамптың Солтүстік Кореяны құртам деген сөзін «иттің үргеніне» теңеді.
- Егер бізді иттің үруімен қорқытамын десе, иттік түс көріп жұр екен, - дейді ол.
Бұл солтүстіккореялық мақалға сілтеме. Бұл көш ит үргенде қозғалады дегенді білдіреді.
Аталғандай, кәріс тілінде иттің үруі, бос әурешілік дегенді білдіреді.
Мексикадағы жер сілкінісі: құрбандар саны 230 адамға жетті
Соңғы ақпараттар бойынша Мексикадағы жер сілкінісінен 230 адам қаза тапқан. Бұл туралы елдің ұлттық апаттық-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнте хабарлады.
- Мехикода қаза тапқандар саны 100-ге жетті. Барлығы 230 адам көз жұмған, - деп жазады Фелипе Пуэнте «Твиттерде».
Мария дауылы Пуэрто-Рикоға жетті
Кариб бассейніндегі АҚШ-қа тиесілі Пуэрто-Рико аралына Мария дауылы жетті. Жер серіктері арқылы алынған ақпараттар бойынша, дауыл көзі Ябукоа қаласына дейін жеткен.
Жел жылдамдығы 182 км/ сағ жеткен жерлер тіркелген. Пуэрто-Рико басшылығы адамдарды қауіпсіз орындарға жеткізіп үлгерген.
- Өз тарихымызда ауқымы осындай деңгейге жеткен жағдайға бірінші рет тап болдық. Қауіпсіз орынға көшіп, әрекет ететін уақыт келді, - дейді Пуэрто-Рико губернаторы Рикардо Росельо арал тұрғындарына.
Соңғы рет Пуэрто-Рико аралында бесінші деңгейдегі дауыл 1928 жылы тіркелген болатын.
Следующая →
Тақырыптар:
Президент США Дональд Трамп ООН Землетрясение в Мексике Международные отношения Утренняя панорама мировых новостей