Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

15 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

КХДР кезекті зымыраныны Жапония жаққа жіберді Солтүстік Корея Жапония бағытында кезекті зымыранын ұшырды, деп хабарлайды NHK телеарнасы. КХДР зымыраны Жапония төңірегінен асып, Хоккайдодағы Эримо мысынан 2000 шақырым жерде құлаған. Жапония билігі солтүстік-шығыс префектурасының тұрғындарын жасырынуға шақырды. Естеріңізге саламыз, 3 қыркүйек күні Солтүстік Корея сутегі зарядының сәтті сынағы туралы хабарлаған болатын. Бұл зарядтар континентаралық баллистикалық зымырандарға бекітіледі. БҰҰ қауіпсіздік кеңесі КХДР зымыранына байланысты төтенше жиналыс өткізеді АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея елдері КХДР-дың кезекті зымыранына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше кездесуін өткізуді талап етті. БҰҰ ҚК мүшелерінің кезекті кездесуі 15 қыркүйек күні түстен кейін өтуі мүмкін. АҚШ КХДР зымыран сынақтарына РФ мен Қытайдың қарап отырмауын сұрады АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерстон Солтүстік Кореяның сынақтарына Ресей мен Қытайдың немқұрайлы қарамауын сұрады - Қытай мен Ресей бұл ессіз сынақтарға немқұрайлы қарамай, өз тараптарынан нақты әрекеттерге көшуі тиіс, - дейді ол. Қытай - КХДР еліне негізгі мұнай тасымалдаушы, Ресей – солтүстіккореялық азаматтарды жұмыспен қамтушы. Тиллерстон бұл фактіні ескерте сөйледі. АҚШ-тағы Харви дауылынан қаза тапқандар саны 82 адамға жетті Тамыз айының соңында АҚШ-қа шүйліккен Харви дауылының құрбандары 82 адамға жетті. Бұл туралы Техас штатының губернаторы Грег Эббот мәлімдеді. Өлім жағдайлары 13 өңірде тіркелген. Құрбандардың көбі Харрис округінде. Онда 30 адам көз жұмған. Үйлері бұзылған 5 мыңнан астам адам қауіпсіз орындарда. АҚШ әскери базасында жарылыс орын алды Солтүстік Каролина штатында Форт-Брэгг базасындаға шынығу алаңында жарылыс болып, 15 солдат түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды Independent. Зардап шеккендер Уомак әскери медициналық орталыққа тікұшақпен жеткізілді. Жарылыс салдары әзірге хабарланбады.
Следующая →