Сингапур тарихында тұңғыш рет әйел адам президент атанды
Сингапур елінің жаңа президенті – алпыс үш жастағы Халима Якоб есімді әйел адам.
Халима Якоб - малай халқының қызы. Соңғы 47 жыл бойы малай ұлтынан ешқандай ел президенті сайланбаған еді. Сингапурда малай халқымен қатар қытай және үнді халықтары да өмір сүріп жатыр.
Президенттік сайлауға барлығы төрт адам бақ сынасқан. Оның екеуі алғашқы кезеңде құжаттары дұрыс болмай үміткерлігі қабылданбаған болса, екеуі 11 қыркүйекке дейін сайлау алды науқанын жүргізген.
Ел заңнамасы бойынша президенттік постқа сайланатын адамның мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі жоғары болуы керек немесе $371 доллар сома қаржысы бар компанияның басшысы да президенттік сайлауға қатыса алады.
Дегенмен, Сингапурды президент емес, премьер-министр басқарады. Сондықтан президент құзіретінде көптеген шектеулер бар. Десе де, президент мемлекеттік маңызды мәселердің шешімін өз құзіретін алады. Мәселен, елдің алтын қорын сақтау, қазына қаржысын реттеу, үкімет басшысын тағайындау сынды өкімдер жатады.