Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

АҚШ сириялық көтерілісшілерге 2 миллиард долларға қару сатты

АҚШ Қорғаныс министрлігі сириялық оппозиция топтарын қаруландыруға екі миллиард доллардан астам қаражат жұмсады.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықты және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы мен Балқан журналистік зерттеу желісі қызметкерлері дайындаған баяндамада айтылды.

Зерттеушілердің айтуынша, Пентагон «Демократиялық Сирия күші» коалициясының жасақтарына, сонымен қатар араб республикасының үкіметтік күшіне қарсы соғысып жүрген көтерілісшілерге кеңестік қару түрлерін жеткізетін көрінеді. Балқан және Шығыс Еуропадағы қару зауыттары үлкен талаптарды орындай алмағандықтан, АҚШ қорғаныс министрлігі Қазақстан, Грузия және Украина жеріндегі мердігерлермен байланысқан. Сатып алу құжаттары, ресми мәлімдемелер, электронды хаттар, көптеген ақпаратқа ие адамдармен өткен сұхбаттарға сүйене отырып журналистер осындай қорытынды шығаруда.

Баяндамада қару сатып алу жұмыстарының 2015 жылы, Барак Обама әкімшілігі тұсында басталғаны айталады. 2017 жылдың мамыр айында Пентагон автоматтар, танкіге қарсы қол гранатометтері, миномет пен қару-жарақ сатып алу үшін 700 миллион доллар жұмсаған. Келісімшарт бойынша 2022 жылға қарай Дональд Трамп әкімшілігі бұл мақсатта 900 миллион доллар жұмсайды, сонымен қатар тағы 600 миллион доллар бюджетпен қаралған. Тергеуді жүргізушілердің пайымдауынша, Пентагон Сириядағы одақтастары үшін 2,2 млрд доллар жұмсайтын болады.

Пентагон қаруды екі канал бойынша сатып алады: оның бірі АҚШ Қарулы күштерінің арнайы операциялар қолбасшылығы немесе Нью-Джерси штатындағы «Пикатинни эрсэнал» атты әскери ғылыми-зерттеу және өндірістік құрылымы арқылы. Жабдықтар теңзден асып Еуропадан Түркияға, Иордания мен Кувейтке жеткізіліп, жер үстімен Сирияның солтүстігі мен оңтүстігіндегі АҚШ одақтастарына жеткізіледі. Тергеу жүргізген ұйымдардың айтуынша, бұл тасымалдар Дональд Трамптың бастамасымен жүзеге асырылған Орталық барлау басқармасының бағдарламасына қатысы жоқ көрінеді.

Журналистер анықтағандай, Вашингтон заңды құжаттарда екіұшты түсініктеме сөздер пайдаланады, сондықтан қарудың баратын нүктесі Сирия екенін түсіну қиынға соғады. Мамандардың пікірінше, мұндай тәжірибе заңсыз қару айналымына қарсы халықаралық күшті қауқаурсыз етеді. Сонымен қатар қару-жарақ тасымалымен айналысатын Шығыс Еуропа билігіне халықаралық құқықты бұзу туралы айып тағылуы мүмкін. Мамандарды тағы бір орынды сұрақ мазалауда. Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИГ, Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымының көзі жойылған соң бұл қаруларды кім пайдаланатын болады?

- Пентагон Сатып алу құжаттарында қару жарақтың сириялық оппозицияға жететіні туралы дәлелдерді жойып жібермек, - дейді зерттеуге қатысушылардың бірі Иван Ангеловски.

Следующая →