Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

11 қыркүйекке арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Саакашвилиге қылмыстық іс қозғалды

Украина полициясы Одесса облысының бұрынғы губернаторы мен оның жақтастары қатысты полшалық-украиналық шекараны бұзып өту фактісі бойынша іс қозғалды.

Іс «Украина мемлекеттік шекарасынан тұлғаларды өткізу» деген 332-бап бойынша қозғалды. Егер бұл әрекеттердің барлығы бір топ адамдардың өзара келісімімен ұйымдастырылса, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Осыған дейін Украина бас прокуроры Юрий Луценко Саакашвили мен оның жақтастарын қылмыстық жауапкершілікке тартатынын мәлімдеген.

- Заң бойынша шекараны заңсыз асқандар, мұндай әрекеттерге жетекшілік еткендер және бұл тұрғыда әрекетке бары, кеңес айтқандар жауапкершілікке тартылуға тиіс. Бұл жүзеге асырылады. Сол сияқты бүгінгі оқиғалармен бірге билік институттарының әрекеттеріне баға беріледі, - дейді Луценко.

10 қыркүйек күні украиналық азаматтығынан айрылған Саакашвили құжатсыз польшалық Пшемыследе Киевке баратын пойызға отырған. Вокзалда «Украина аумағына кіруге құқығы жоқ адам» отырса, пойыздың жүрмейтіні туралы жарияланады. Вагонда бірнеше сағат отырған бұрынғы Грузия президенті шекараға автобуспен жетеді. «Шегини» бақылау-өткізу бекетінде саясаткердің жақтастары қоршауды бұзып кіріп, Саакашвилиді Украинаға өткізіп жіберген.


Флорида зор апат зонасы деп жарияланды

АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида губернаторы Рик Скоттың «Штатты табиғи апат айлағы» деп жариялау туралы ұсынысын қабыл алды, деп хабарлайды ТАСС. Бұл шешім «Ирма» дауылынан зардап шеккендерге федералды қаражатты толассыз жіберуге себепші болады.

- «Ирма» дауылы біздің штаттың ойран топырын шығарып жатқанда бүкіл ел ынтымақтастық танытты. Әлемнің көптеген жерлерінде Флоридаға қол ұшын созғысы келетіндер бар. Бұл бізді шабыттандырады, сондықтан Флорида халқының атынан бұл қолдау мен ынтымақтастықты бағалайтынымызды жеткіземін, - дейді губернатор.


КХДР АҚШ-ты ұлы қасіретке ұшыратамыз деп қорқытты

Құрама штаттар жаңа санкция қабылдайтын болса, КХДР елі оны «ұлы қасіретке» ұшыратады деген сес көрсетті, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Солтүстік Кореяның айтуынша АҚШ жаңа санкциялар қабылдайтын болса, Вашингтон «бұл әрекеті үшін лайықты жауап алып, өз тарихында көрмеген ұлы қасірет пен қайғыға ұшырайды».

КХДР СІМ жариялаған хабарландыруда «Егер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде заңсыз қарары қабылданса, жауап береді» деп жазылған.


Хилари Клинтон енді АҚШ президенттігіне үміткер болмайды

АҚШ президенттігіне бұрынғы үміткер Хиллари Клинтон болашақта ел билігіне үміткер болмайтынын хабарлады.

Саясаткердің айтуынша, мансабының белсенді ғұмыры тоқтаған. Бірақ, саяси әрекеті мүлдем тоқтап қалмайды да.

- Үміткерлікті тоқтаттым, алайда саясаттан кетпеймін. Себебі еліміздің болашағы маңызды екеніне сенімім мол, - дейді Клинтон.


Колумбияда папамобильдің күрт тоқтауынан Рим Папасы зардап шекті

Колумбияға сапары барысында папамобильдің кенет тоқтауынан Рим Папасы зардап шекті.

La Repubblica хабарлағандай, оқиға Картахен қаласында орын алған. Папамобиль католик шіркеуінің басшысын ғибадат білдірушілердің жанынан тасымалдау барысында кілт тоқтаған.

Жамыраған халықтың толып кетуіне байланысты көлік тоқтаған кезде понтифик бетімен соғылып, сол жақ қасы жылтылып кетті. Сол көзінің тұсы көгеріп қалды.

Аталғандай, Рим Папасына медициналық көмек көрсетілді.

Следующая →