Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +34°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +31°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +27°
$
450.79
-0.59
482.21
-5.01
¥
62.14
-0.10
5.05
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

31 тамызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Мексика жағалауларында «Лидия» дауылы тұрды

ТАСС хабарлағандай, Мексика жағалауына жақын маңдағы тропикалық «Лидия» дауылы қалыптасып, енді құйынға айналуы мүмкін. Бұл туралы сәрсенбі күні американдық Ұлттық құйындарды бақылау орталығы хабарлады.

Дерек бойынша, дауыл мексикандық Төменгі Калифорния штатынан 290 км оңтүстік-шығысқа қарай үйірілген. Дауылдың макималды жылдамдығы 11 км/сағатына дейін.

Мексикандық билік өкілдері құйынды дауылға дайындалуы керек. Ол Төменгі Калифорния штатына бейсенбі күні жетеді.

Нью-Йоркте белгісіз біреулер Колумбтың мүсінін бұзған

Нью-Йорктің Йонкерс саябағында орналасқан американы алғаш ашқан Христофор Колумбтың ескерткішін вандалдар қиратқан.

60 сантиметрлік гипстен жасалған ескерткіш іргетасынан жұлынып, жарылған. Ескерткіштің алдыңғы бөлігі іргетастан табылса, қалған бөлігі жотадан шыққан.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескерткішті сенбі күні бұзып кеткен. Полиция комиссары Чарльз Гаднердің айтуынша, ескерткішті балалар бұзып кетуі мүмкін. Қазір тергеу жүргізілуде.

Колумбтың алғашқы қола мүсіні 12 жыл бұрын ұрланған болатын.

Соңғы аптада АҚШ-тың бірнеше қоғамдық топтары Оңтүстік штаттар конфедераттарының ескерткіштерін алып тастауға қарсы шығуда. Мұндай қақтығыстардың бірі Випджиния штатындағы Шарлотсвилл қаласында орын алған болатын.

Колумбтың есімін мадақтауға қарсы шығып отырғандардың пікірінше, Американың ашылуы оның ежелгі тұрғындарын жоюға алып келген. Артынша миллиондаған африкандықтарды құрбан етіп, құл саудасының дамуына ұласқан.

Әнші Линданы Мәскеуде жүк көлігі қағып кетті

ЖКО салдарынан зардап шеккендердің ішінде әнші Линда бар. Қазір ол ауруханаға жеткізілді.

Жүк көлігімен орын алған қақтығыстан зардап шеккендердің арасында әнші Линда (Светлана Гейман) бар. Бұл туралы әншінің директоры Михаил Кувшин бар.

- Қазір дәрігер қаралуында, - дейді Кувшинов.

«Интерфакс» агенттігі хабарлағандай, МАЗ жүк көлігі Мәскеудегі Каретный Ряд көшесі №4 үй жанында екі адамды қағып кеткен. Оқиғадан соң жүргізуші ЖКО орнынан қашып кетті. Кейін полиция жүргізушіні Капотня ауданында ұстады.

Әнші Линда 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласында дүниеге келген.

Ди Каприо «Харви» дауылынан зардап шеккендер қорына миллион доллар бөлді

Бұл туралы «Харви» дауылынан зардап шеккендердің United Way қоры президенті Брайан Галлахер хабарлады.

Ди Каприо өзі құрған қайырымдылық қорынан қаражат аударған.

- Ди Каприо мен оның қорының жомарттылығына алғысымыз шексіз, - дейді Галлахер.

Ди Каприо перечислил указанные средства через созданный им благотворительный фонд. 

- Мы невероятно признательны за щедрость Леонардо Ди Каприо и его фонду, - сообщил Галлахер.

Ди Каприо стихиялық апаттан зардап шеккендерге осыған дейін де қол ұшын созған. 2012 жылы «Сэнди» дауылынан, 2010 жылы Гаити жер сілкінісінде қайырымдылық танытты.

Соңғы күндері көптеген танымал американдықтар «Харви» дауылынан зардап шеккендерге қаржы бөлуде. Олардың ішінде Сандра Буллок, Ким Кардашьян, Бейонс, Кевин Хартты атауға болады.

Майвезерге МакГрегордың суреті салынған груша сыйға тартылды

Майвезердің жеңісінен кейін бизнесмен және меценат Тимофей Кургин досына жеңіліп қалған Конор МакГрегордың суреті салынған грушаны сыйға тартты.

- Ол алғысын айта отырып, алаңдаушылық тудырғаныма ренжіп қалды. «Неге алаңдайсың? Мен кәсіби боксшымын, оның орайын алдым», - дейді Кургин Майвезердің сөзін жеткізіп, - Конор рингтен кетіп, жанында болғандарға алғысын айтып, жекпе-жекке алғысын білдірді. Ол өте жоғары рухты болды – жекпе-жектен кейін оны тану қиын болды. Шаршағаны көрініп тұрды, физикалық тұрғыда соққы жеді.

Следующая →