АҚШ полиция қызметкерлеріне граната атқыш пен броневикке рұқсат берілмек
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі полиция қызметкерлерін әскери қару-жарақпен қамтамасыз етуге шектеу қою сұрағын талқылауда
"Ассошиэйтед пресс" агенттігі қолында бар құжатқа сүйене отырып, Дональд Трамп бұған дейінгі АҚШ президенті Барак Обама енгізген полиция қызметкерлеріне әскерилердің ганата атқыштарын, ірі калибрлы атыс және өзге де қаруларды ұстап, бронекөліктерді пайдалануға тыйым салу туралы ережелерін жоққа шығаратын қаулы жасауға ниетті екенін хабарлайды. Құжаттың жобасында осы шараның құқыққорғаушыларға қоғамдық тәртіпті жақсырақ күзетіп, қылмыс санын азайтуға септігін тигізетіндігі көрсетілген.
Осы сұрақ бойынша әкімшіліктің жоспары туралы дүйсенбі күні бас прокурор Джефф Сешнс Теннессидегі полиция қызміне байланысты сұрақтарды талқылауға арналған конференция барысында мәлімдемек.
Д. Трамп полицияны қаруландыру сұрағын қарастыру туралы сайлауалды компания барысында уәде еткен. Енді тәртіп сақшылары президенттен уәдесін орындауын талап етуде.
Следующая →