25 тамызға арналған әлемдік жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Польша Германиядан репарация талап ету құқығын ескертті
Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Германиядан тиген зардабы үшін Польшаның репарация талап ету құқығы бар. Бұл туралы премьер-министр Беата Шидло мәлімдеді.
Политиктің айтуынша, репарация «Польшаға тиесілі әділеттілікті еске салу» болып табылады.
- Польша әділеттілік туралы айтады. Польша ненің орындалуға тиіс екенін айтады. Біз Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары болып табыламыз. Біз шығыны өтелмеген құрбандармыз, - дейді Шидло.
Бұл ойға сын айтушыларға польшалық премьер «тарихқа қарап, соғыс кезінде польша жерінде не болғанын еске алыңдар» деп жауап қатты.
АҚШ-та өлім жазасына жаңа дәрі-дәрмек қолданды
Флорида штатында нәсілшілдікпен адам өлтірген ер адамды жаңа дәрімен өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Associated Press
53 жасар Марк Асэй 1987 жылы афроамерикандықты өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген.
Жазаны жүзеге асыру барысында сынақтан өтпеген этомидат дәрісі қолданылды.
Этомидат мидазолам иньекциясының орнына қолданылды. Көптеген фармацевтикалық компаниялар жазаның орындауға арналған дәріні тасымалдаудан бас тартатын болғандықтан осындай қадамға баруға тура келді.
Кубада АҚШ-тың 16 дипломаты зардап шекті
АҚШ елшілігінің он алты қызметкері Кубада орын алған оқиғадан зардап шекті. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Хезер Науэрт хабарлады.
АҚШ мемлекеттік департаменті Гаванадағы американдық елшілік қызметкерлері «акустикалық шабуылға» ұшыраған деген ойда.
- Бұған кімнің қатысы барын айта алмаймын. Тергеу жалғасуда. Біз кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тартуды көздеп отырмыз, - дейді Науэрт.
Оның айтуынша, «оқиғаға кінәлі» әлі анықталмады.
РФ коммуналды қызметкерлері ағаштарға бұтақ жабыстырған
Санкт-Петербург коммуналды қызмет жұмысшылары скотчтың көмегімен қураған ағашқа жасыл бұтақтарды жабыстырған. Мұндай әрекет бау-бақшаны абаттандыру байқауынан жеңу үшін жасалған.
Қаланың Невск ауданындағы Тігіншілер бағындағы бұл ағаштарды жергілікті тұрғындар хабарлаған. Кейін бұл туралы Жалпыресейлік халықтық фронты белсенділеріне хабарланған.
- Бақшаға келушілер бұрын бұл жерде әдемі шетен ағаштары өсіп тұратын дейді. Оған күтім болмаған соң олар өліп қаалды. Екі күн бұрын шетен ағаштары қарапайым талға айналып кетті. Олар осылайша «ағашты жасылдандырмақ» болған, - дейді қоғамдық бірлестікте.
Американдық әйел 758 миллион доллар джекпотқа ие болды
Массачусетс штатының тұрғыны Powerball лотореясының 758 миллион долларға тең рекордты джекпотын ұтып алды, деп хабарлайды CNN.
53 жасар жеңімпаз Мэвис Уончик мдеицина қызметкері, екі баланың анасы.
Әйел өзінің жұмысқа қайтпайтынын, бұл туралы басшылыққа ескертіп қойғанын айтады.
Уончик салық есебіне байланысты 480 миллион немесе 336 миллион доллар алады.
Следующая →

Тақырыптар:
Репарации от Германии Смертная казнь в США Коммунальные службы в России Лотерея в США Необычные новости Международные отношения Утренняя панорама мировых новостей