Макрон үш ай ішінде бет әрлеушісіне 26 мың еуро төлеген
Франция президенті қызметінде үш ай ғана отырған Эммануэль Макрон бетт әрлеуші қызметкеріне 26 мың еуро жұмсаған. Бұл туралы Closer басылымының журналистері хабарлайды
- Елисей сарайындағы Эммануэль Макрон макияж жасатуға үш ай ішінде 26 мың еуродан астам қаражат жұмсаған. Біздің әріптестер 10 мыңға және 16 мың еуроға жазылған екі чек анықтады, - деп жазады журнал.
Бет әрлеушінің есімі Наташа М. Ол әйел француз жетекшісімен сайлау алды кампаниясында да бірге қызмет еткен.
Естеріңізге саламыз, былтыр Елисей сарайының бұрынғы басшысы Франсуа Олландпен дәл осындай жағдай орын алып, арты үлкен шатаққа ұласқан. Оландтың шаштаразының жалақысы айына 9 мың еуродан асқан. Бұл президенттің жалақысынан бес мың долларға ғана кем.
Следующая →