Шувалов: ЕАЭО-дағы Қазақстанның жетекші рөл атқаратынын Ресей мойындады
РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Игорь Шувалов кезекті бірлестік бастамасының Қазақстанда қалыптасатынына үміт артады
- Еуразиялық экономикалық одақ – таза экономикалық тұрғыда қалыптасқан үрдіс. Оның саясатқа еш қатысы жоқ. Бұл жобада Қазақстанның жетекші рөл атқарып келе жатқанын мойындаймыз. Қазақстан президенті бұл ойдың негізін қалыптастырушы. Ал тоқсаныншы жылдардың басында еуразиялық және ынтымақтастық ойларын алға тарта бастаған, - дейді Шувалов.
РФ вице-премьері еуразиялық бірлестіктегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін айтып өтті.
- ЕАЭО бойынша өзге ынтымақтастарымыз бізге қолдау береді деп сенеміз. Себебі Қазақстанның қолында бұл қадамға баратын барлық мүмкіндік тұр. Ол – президенттің түсінігі мен сенімі. Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа ел ағасы, еуразиялық ынтымақтастық құндылықтарының жетекшісі ретінде қараймыз. Біз кезекті бастамалардың Қазақстанда қалыптасатынына сенім білдіреміз, - дейді Шувалов.
Астанада ЕАЭО елдері және Еуразиялық экономикалық комиссиясымен жыл сайынғы «Еуразиялақ апта» форумы басталып кетті. Форумға 42 елдің билік өкілдері, іскерлері, бизнесмендері қатысуда.
Следующая →
Тақырыптар:
Казахстана в ЕАЭС Заместитель председателя правительства РФ Игорь Шувалов Международные отношения