Қырғызстан президенті үкімет жұмысын тоқтатты
Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев Сооронбай Жээнбековтің басшылығындағы үкіметтің жұмысын тоқтатты
Алмазбек Атамбаев «Қырғызстан Республикасының үкіметі мен премьер-министрді жұмыстан босату туралы» қаулыға қол қойды. Министрлер кабинетінің мүшелері жаңа үкімет қалыптасқанша міндетін атқарушылар ретінде жұмыс істейтін болады.
Орталық сайлау комиссиясына президенттіке тіркелгеннен кейін Жээнбеков премьерлік қызметтен кету туралы өтініш білдірді.
Мемлекет басшысы арызды қабыл алды. Келесі үкімет басшысын Жогорку Кенеш таңдайтын болады.
Следующая →
Тақырыптар:
Президент Киргизии Алмазбек Атамбаев