Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

21 тамызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Илон Маск қанішер-роботтарға тыйым салуды сұрайды Әлемнің 26 елінің өкілдері 116 мамандармен бірлесе отырып Біріккен Ұлттар Ұйымынан автономды қару шығаруға тыйым салуды сұрады Үндеу жазғандардың ішінде SpaceX бас директоры Илон Маск және жасанды интеллект жасаумен айналысатын DeepMind компаниясының басшысы Мустафа Сулейман бар. Мамандар қаруланудың бұл жаңа жарысы аталмыш саладағы революциямен тең болатынын ескертеді. Яғни, ең алғашқы оқ дәрі мен ядролық қару шығарылғандай өзгерістер алып келуі ықтимал. - Қаруланудың жаңа нұсқасы диктаторлар мен террористердің бейбіт халыққа қарсы пайдаланатын күшіне айналуы мүмкін. Хакерлер оған еніп кетіп, өз пайдасына жаратуы мүмкін, дейді үндеуде Адамның араласуынсыз әскери әрекетке бара алатын роботталған техника туралы хат БҰҰ-ға жіберілді. Айта кету керек, жуықта Мельбурн қаласында жасанды интеллект турасында конференция басталады. АҚШ-та эсминец апатқа ұшырады: ондаған адам іс-түссіз жоғалды Сингапур жағалауындағы Малаккск ағысында Alnic MC мұнай танкері мен американдық John S. McCain эсминеці соғылып ондаған адам іс-түссіз жоғалып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды АҚШ ӘТК 7-ші флоты - Қазіргі уақытта ондаған теңізші жоғалғандар санатында, бес адам жарақат алды, - дейді хабарландыруда. Аталғандай, эсминец кемежайға өз күшімен жылжып барады. БАҚ: АҚШ Ауғаныстандағы әскери контингентін кеңейтеді АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғаныстанға қосымша төрт мың әскери қызметкерді аттандыратыны туралы хабарлайды, дейді CBS - Әскери қолбасшылардың өтінімімен президенттің жаңа стратегия жариялауын ресми тұлғалар күтуде. Олардың болжамынша төрт мыңға жуық әскери қызметкерлер жіберіледі, - дейді телеарна. Хабарландыруда айтылғандай, терроршыларға пана тауып беріп отырған Пакистанға да қысым түседі. Асад Ресей мен Иранның қолдауына алғыс айтады Сирия президенті Башар Асад «Батыстың өзін тайдырмақ болған жоспарынан» Дамаск азат етілді деп мәлімдеді Сириялық жетекшінің айтуынша, алты жылға созылып келе жатқан азаматтық соғыстың нүктесі әлі қойылған жоқ. - Күрес жалғасуда. Бағытымыз бен жеңіс туралы әңгіме туралы айту – өзге сұрақтар, - дейді Асад. Оның айтуынша, «Әскери жетістіктерге жетуде», «соғыспен тиген зардап пен ауыртпашылықты» азайтуда Дамаскінің одақтастарының тигізген «саяси, экономикалық және әскери» қолдауы орасан зор. Сирия мемлекетінің басшысы олардың ішінде Ресейді, Иранды және ливиялық радикалды шииттік Хезболлах қозғалысын атап өтті. АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери дайындығын бастайды АҚШ пен Оңтүстік Корея КХДР-дың ашуына тиетін он күндік Ulchi Freedom Guardian (UFG) әскери дайындығын бастайды. Дайындық жоспарын өткен аптада Оңтүстік Корея қорғаныс министрі жариялады. Бұл дайындық Гуам аралындағы американдық әскери нысандарға зымыран ұшырамын деген Солтүстік Корея қарсылығына негізделіп отыр. Дайындық қорғаныс сатысында өтсе де, Солтүстік Корея бұл әрекеттердің «қайғылы аяқталуы мүмкін» екенін ескертіп отыр. Пхеньянның пікірінше, дайындықтың мақсаты – солтүстіккорея шекарасына басып кіру жоспарын үйлестіру болып табылады. Естеріңізге саламыз, Корей түбегінің оңтүстігінде 28 мыңнан астам АҚШ әскери қызметкерлері бар.
Следующая →