Солтүстік Кореяның әр елдегі елшілері Пхеньянға шақырылды
Әлемнің әр елінде орналасқан Солтүстік Кореяның елшілері жасырын жиын өткізу үшін Пхеньянға жиналып жатыр
Бұл жайында Оңтүстік Кореяның Рёнхап агенттігі хабарлады.
- КХДР-да дипломатиялық қызметпен айналысатын басшылар жиналуда. Мұндай жиын бұған дейін 2015 жылы шілде айында өткізілген болатын. Оған 45 елші қатысқан, - дейді Корея Республикасы үкіметінің ресми агенттігі.
Солтүстік Корея астанасына РФ, Қытай, БҰҰ жанындағы елшілер шақырылуда.
Корея басшысы түбектегі жанжалдардың ушығуына байланысты елшілерді жинап, кеңес өткізбек болған. Пхеньян ядролық зымыран бағдарламасын дайындап жатыр. Шілде айында Солтүстік Корея екі рет баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді. Бұл АҚШ пен Жапонияның және Оңтүстік Кореяның ашуын туғызған болатын.