Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Бельгияда террористер жөнінде жалған ақпарат бергендерді 5 жылға соттайды

Бельгия полицейлері тұрғындарға террористік қауіп-қатер жайында жалған ақпарат бергені үшін алты айдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін екендігін айтты

Бельгияда жалған ақпарат таратқан адамды алты айдан бес айға дейінгі мерзімге соттау және 100 еуродан бастап 500 еуроға дейін айыппұл төлеу жөнінде қылмыстық кодекс қаралып жатыр.

Жергілікті статистика деректеріне жүгінетін болсақ, соңғы он жыл бойы террористік қауіп туралы жалған ақпараттар көбейіп кеткен. Құқық қорғау органдарына бір күннің ішінде террористік теракт жайлы бірнеше хабарлама келіп түсетін көрінеді.

Сейсенбі күні Брюссель қаласында тағы да бір аты шулы жалған хабарлама келіп түсті. Бұл күні патрульдік полиция бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамастан өтіп кеткен авкөліктің соңына түсіп, оны қуа бастаған. Ал көлік тоқтамай, одан әрі қашқан. Нәтижесінде екі полиция көлігі апатқа ұшырады. Ал ұсталған 36 жастағы бельгиялық тұрғын Жан-Клод Ншути болса, көлігінде жарылғыш заттың жасырынғанын, сондықтан жылдамдықты жоғарылатқанын айтып сытылмақ болмақ.

Қалада шу басталып, екі сағат бойы Моленбек кварталында полициялар орналастырылды. Жүздеген тұрғындар эвакуацияланды. Алайда прокуратура қызметкерлері көліктен ешқандай жарылғыш заттың табылмағандығын айтты.

Следующая →