Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

8 тамызға арналған әлемдік жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Полициямен болған атыста ауған талибтарының жетекшісі қаза тапты

Ауғанстанның солтүстік-батысында радикалды «Талибан» қозғалысының жетекшісі қаза тапты. Ол Кветск шурасындағы жоғарғы талибтер кеңесінің мүшесі – мулла Ахмадшах.

Бұл туралы Джаузджан провинциясындағы билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып Khurshid со телеарнасы хабарлады. Молла Ахмадшах Файзабад уездінің төңірегінде қаза тапты.

Талибтер жетекшісі Боло-Мардиен деген жерде үкіметтік күшке түнде шабуыл жасап полиция қызметкерлерінің оғына ұшты.

Үш сағатқа жалғасқан атыс барысында «Талибанның» бес жауынгері қаза тауып, сегіз экстремист жарақат алған.


Египет курортында акула адамға шабуыл жасады

Египеттік Хургада курортында ақ акулалар пайда болып, бір адамды жарақаттаған. Бұл туралы РФ СІМ жағдайлық-кризистік департаменті хабарлайды.

- Бір адам зардап шекті. Акула бұл өңірде соңғы рет 2015 жылы байқалған, - дейді орталық хабарландыруында.

Ақ акула – әлемдегі ең ірі балықтардың бірі. Ұзындығы бес метрге жетеді. Адамдар үшін өте қауіпті жануар саналады.

2015 жылы Марса-Алам курортындағы шабуылдан неміс туристі қаза тапқан болатын. Ол кезде 53 жасар Германия азаматы аяғынан айрылып, ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Бұл шабуыл 2010 жылдан бергі алғашқы оқиға болатын. Ол кезде Шарм-аль-Шейх курортында жыртқыштардың азуынан бірнеше адам зардап шеккен. Ол кезде Германияның бір туристі қаза тауып, үш ресейлік қыз бен Украинаның бір азаматы жарақат алған. Осыдан кейін египеттік билік акула шабуылының алдын алу үшін көптеген шараларға жүгінген.


Дональд Трамп көрсеткіші жаңа деңгейге төмендеді

Иннаугурациядан бері Дональд Трамптың американдықтар арасындағы беделі айтарлықтай төмендей түсті. Бұл туралы дүйсенбі күні жарияланған сауалнама нәтижесі көрсетті. Сауалнамаға тапсырым беруші – Си-эн-эн телеарнасы, орындаушы - SSRS қызметі.

Трамптың жұмысын 38 пайызы ғана қолдады. Сәуір айында сауалнамаға қатысқандардың 44 пайызы президентіне оң баға берсе, наруызда 45 пайызы, ақпанда қайтадан 44 пайызы қолдау көрсеткен.

Сауалнамаға қатысушылардың 56 пайызы президент жұмысына көңілі толмайтыдарын айтқан. Президент жұмысын қолдаушылардың барлығы республикалық партия жағында, ал қарсы шығушылар демократтар құрамында.

Трампқа сенім білдірушілер де 36 пайыз ғана, ал сенбеу керек дейтіндер 60 пайызды құрады. Сыртқы саясаттағы әрекетін қолдаушылар көрсеткіші де дәл осылай.

3-6 тамыз аралығында өткен зерттеу жұмыстарына 1018 американдық қатысқан. Оларға жекелей және телефонмен сұрақ қойылған.


Аляскадағы жанартау күлі 10 шақырым биіктікке көтерілді

Алясканың оңтүстік батысындағы Алеут аралдарында орналасқан Богослов жанартауы 10 шақырым биіктікке күл лақтырды. Ғалымдар әуе компаниялары өкілдеріне қауіп туралы хабарлады. Бұл туралы Аляска штатындағы Обсерватория сайтында жарияланды.

Оқиға таңертең орын алып үш сағатқа жалғасқан. Обсерватория мамандары уақытша қауіптің ең жоғарғы деңгейін белгіледі. Себебі күл ұшқыштарды көру мүмкіндігінен айырып, әуелайнерлердің қозғалтқышына зиян келтіреді. Ұшақ экипаждарына өңірге жақындамау керектігі айтылды.

Богослов жанартауы аралда орналасқан. Жанартаудан 100 шақырым жерде Уналашка қалашығы орналасқан. Қалашықта 4,3 мың адам тұрады.


Google сексист қызметкерді жұмыстан шығарды

Компанияда айқай-шу шығарған инженердің айтуынша әйелдерге техникалық салада жоғары лауазым алу үшін бірнеше биологиялық айырмашылық кедергі келтіреді екен.

Осындай тақырыпта он беттен тұратын манифест жазып шыққан инженерді Google Alphabet Inc. Корпорациясы жұмыстан қуды. Бұл туралы Bloomberg корпорациясы хабарлаған.

Жұмыстан шығып қалған инженердің айтуынша, ол гендерлік таптаурын әйгілегені үшін қуылыпты. Кейін компанияның бас директоры Сундар Пичаи жарияланған манифестті этика және тәртіп кодексіне қайшы деп әр қызметкерге хат жолдаған.

Ерлердің жүйелі ойлауға бейімделуі оларды бағдарламашы етеді. Ал әйелдердің сезім мен эстетикаға бағытталған ашықтығы әлеуметтік және көркемдік салаларда жұмыс істеуге итермелейді, - дейді инжнер жариялаған манифестте.

Жұмыстан шығарылғанына қарамастан, компанияның көптеген қызметкерлері авторға одан да қатаң шара қолдану керектігін айтқан.

Следующая →