Бразилия парламенті президентке қарсы қылмыстық үрдіс бастай алмады
Бразилия Ұлттық конгрессінің депутаттар палатасы ел президенті Мишель Темерге қатысты Жоғарғы сот үрдісін бастау үшін қажетті дауыс жинай алмады
Дауыс беру үрдісінде мемлекет басшысының кеткенін қалайтындар заңнамамен талап етілетін дауыстың үштен екісін жинай алмады.
Егер үрдісті депутаттар қолдаса, істі сотта қарау үшін Темер 180 күнге биліктен кетер еді.
Мишель Темер J&F Investimentos S.A корпорациясынын пара алды деп айыпталуда. Тергеу деректері бойынша, наурыз-сәуір аралығында президентке 500 мың бразилия реалы өткен. Бас прокуратура 38 млн реалды беру туралы келісім болғанын хабарлаған. Бұл үшін кәсіпкерлер банктерден ұтымды несие алып, салық төлеуде жеңілдікке ие болады.
Следующая →