ЕО Венесуэланың құрылтай жиналысын мойындамады
Елдегі саяси диалогты қалпына келтіру үшін Еуроодақ венесуэла билігін шара қолдануға шақырды
- Еуроодаққа мүше елдер құрылтай жиналысын мойындай алмайды, себебі олар өкілділік мәселесіне және оның заңдылығына алаңдаушылық тудыруда. Сондықтан президент Николас Мадуро үкіметін шара қолдануға шақырады, - дейді Могерини жариялаған мәлімдемеде.
ЕО атынан Могерини саяси тұтқындарды босатып, адам құқығының толық сақталуын және саяси диалогты қалпына келтіру үшін шаралар қолдануға шақырды.
Естеріңізге саламыз, 30 шілде күні Венесуэлада Ұлттық құрылтай жиналысы өткен болатын. Болжам бойынша ол конституцияға өзгеріс енгізуді көздейді. Оны шақыруға президент Николас Мадуро бастама болды.
Следующая →
Тақырыптар:
Учредительное собрание Венесуэлы