2 тамызға арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен экономика, саясат және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Трамп Венесуэла оппозициясының басшыларын босатуды талап етті
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла жетекшісі Николас Мадуроның оппозицияға қарсы әрекетін сынға алып. Леопольдо Лопес пен Антонио Ледесмуді босатуды талап етті.
- АҚШ Мадуроның диктатуралық әрекетін сынға алады. Лопес пен Ледесму мырзалар заңсыз қамаудағы саяси тұтқындар болып табылады. Мадуроның саяси оппозицияға қарсы шығатыны туралы ресми түрде жарияланды. АҚШ-тың пікірінше Лопес пен Ледесма мырзалар және өзге де тұтқындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне Мадуро жауап беретін болады, - дейді Трамптың мәлімдемесінде.
АҚШ сенаты Кристофер Рэйді ФТБ директоры ретінде бекітті
Сайлау қорытындысы бойынша 92 сенатор Рэйге дауыс берсе, екеуі қарсы шыққан.
Осылайша Рэй ФТБ бұрынғы жетекшісі Джеймс Комидің орнын ауыстырды. Соңғысы президент Дональд Трамптың бұйрығымен орнынан кеткен болатын.
Естеріңізге саламыз, Трамп маусым айында Рэйді ФТБ директорлығына ұсынатынын айтқан. Рэй осыған дейін АҚШ бас прокуратурасында 2003-2005 жылдары қызмет еткен.
АҚШ-та Зика вирусы алғашқы рет жыныстық жолмен жұқты
Зика вирусы жыныстық жолмен жұғуы ең алғашқы рет Флоридада орын алды.
- Флорида Денсаулық сақтау департаменті Зика вирусының жұғу Пинеллас оккругінде тіркелгенін хабарлайды. Вирустың маса тістеуінен жұққанына еш дәлел жоқ, - дейді департамент жариялаған баспасөз хабарламасында.
Жуықта Куба еліне барып қайтқан Пинеллас округінің тұрғынында вирус белгілері анықталған. Елден шықпаған жыныстық серіктесінде вирус анықталған.
Мадагаскарда автобус жырадан құлады: 34 адам қаза тапты
Мадагаскар аралында христиан ұйымының табынушылары отырған автобус жырадан құлап, өртке оранған. Апат нәтижесінде 34 адам қаза тапты.
Оқиға Мадагаскардың орталығындағы Анказоб қаласының маңында орын алған. Апат орнында 12 адам бірден көз жұмды. Кейін дәрігерлер тағы 22 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Ниагара сарқырамасының суы қарайып кетті
Суы қарайып кеткен Ниагара сарқырамасы туристердің зәресін алған. Танымал табиғи нысан суы қара түске боялып, жағымсыз иіс шығарған.
Қошаған ортаны қорғау мемлекеттік департаментінде судың қара түске боялуын көршілес орналасқан зауыттағы ағын тазалау жүйесінің істен шығуымен байланыстырады. Суқоймасын сүзгілеу жүйесінен шыққан көміртек пен қатқыл қалдықтар суға түскен.
Кәсіпорын өкілдері ластану салдарын жуықта жоюға уәде берді.
Следующая →