Корей түбегіндегі жағдайдың ушыққанына Қытай АҚШ пен КХДР-ді айыптады
Пекин Корей түбегіндегі жағдайларға жауапкершілігін жоққа шығарып, оның шешімі КХДР мен Вашингтонның қолында екенін айтады
БҰҰ жанындағы Қытайдың тұрақты өкілі Лю Цзеи Корей түбегіндегі жағдайға Вашингтон мен Пхеньянның жауапты екенін айтады
- Қытай қандай мүмкіндікке ие болса да, қандай да бір нәтижеге қол жеткізе алмайды. Себебі оның шешімі АҚШ пен КХДР-ге байланысты, - дейді дипломат.
Мұнымен қоса, Лю Цзеи КХДР бойынша жағдайды бекіту жобасы жүргізіліп жатқанын айтып өтті.