Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

31 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Жапония КХДР еліне қысымды күшейтуге шақырды

Жапония премьер министрі Синдзо Абэ КХДР елі жалғастырып отырған баллистикалық ракета сынақтарына байланысты Қытай мен Ресейді қысымды күшейтуге шақырды.

- Халықаралық қоғамдастық, оның ішінде РФ мен Қытай жағдайдың қаншалықты маңызды екенін түсініп, қысымды үдетуі керек, - дейді Абэ АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін.

Абэ одақтастарын қорғау үшін шара қолдануға уәде берген Трамптың сөзін жоғары бағалайтынын жеткізді.


АҚШ Венесуэлаға қарсы жаңа санкциялар дайындауда

Ұлттық құрылтай жиналысындағы сайлау үшін Венесуэлаға АҚШ жаңа санкция енгізуі мүмкін.

Санкция туралы дүйсенбі күні жариялануы мүмкін.

Аталғандай, санкцияға Венесуэланың мұнай секторы мен бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктері ілінуі мүмкін. Енді Венесуэла ауыр жанармаймен араластырып экспортқа шығаратын АҚШ жеңіл мұнайына дейін тыйым салынбақ.


РФ жариялаған дипмиссияның қысқартылуына АҚШ жауап дайындауда

Ресейдегі американ дипломатиялық миссиясының қысқартылуына АҚШ өкініш білдіреді. Бұған енді жауап ойластырылуда. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі хабарлады.

- Ақталмаған шара өкініш тудырады. Қысқартуды бағалай отырып, оған жауап дайындаймыз. Қазіргі уақытта өзге пікір білдірмейміз, - дейді Мемлекеттік департамент өкілі.


Венесуэладағы қарсылық барысында 13 адам қаза тапты

Бес адам Мерида, бес адам Тахире штатында көз жұмды. Тағы үш адам Ларе мен Сукреде қаза тапты.

Бұған дейін құрылтай жиналысы сайлауына үміткер мен оппозициялық Демократиялық әрекет партиясының хатшысы өлтірілген болатын.

Төрт айдан бері жалғасып келе жатқан қарсылық барысында қаза тапқандар саны белгісіз. Тек 110 адамнан асып кеткені аян.


Windows 10 Continue on PC опциясы iOS үшін қолжетімді болды

Жуықта Windows 10-ға жүргізілген тестілеу жинағында Continue on PC-ді Apple iPhone смартфондары пайдалана алатын Windows Insiders Program жобасы жүзеге асырылды. Апдейтті орнатып алған қолданушылар жаңа қызметті емін еркін пайдалана алады.

 

Следующая →