Израиль Ғибадатхана тауына қайта шектеу қойды
Ғибадатхана тауында жұма намаз оқуға 50 жастан кіші ер азаматтар кіргізілмейді
Палестиналықтар мен израиль полициясының қайшылығынан кейін Израиль билігі Ғибадатхана тауына қайта шектеу қойып тастады. Бұл жер мұсылмандардың ең қасиетті жерлерінің бірі саналады.
28 шілде күнгі жұма намаз оқу үшін Ғибадатхана тауына 50 жасқа дейінгі ер адамдарға кіруге тыйым салынады, деп хабарлайды израиль полициясының өкілі Мики Розенфельд. «Бүгін тәртіпсіздіктің екінші легі орын алады деген ақпарат бар», - дейді ол.
Сонымен қатар Иерусалимнің Ескі қаласындағы бірнеше көше жабылады. Полиция өкілінің айтуынша, Аль-Акса мешітінде түнеп шығып келесі күнге жоспарланған қарсылыққа қатысуды көздеген азаматтар шығарылған. Күндізгі қақтығыс барысында бірнеше адам ұсталған болатын.