Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

28 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Трампты әшкерелейтін деректерді орыстар тапсырған – Ақ үй

Ақ үй спикері Сара Сондерс АҚШ президенті Дональд Трампты әшкерелейтін құжаттарды ресейлік компания дайындаған.

- Конспирологиялық теориялар мен көптеген жалған ақпараттардың көзі болған жалған құжаттардан тапсырыс беруші компанияға орыстардың да төлем жүргізгенін анықтадық. Бұл президенттің жалмауыздар мен жалған деректерге шабуылын растай түседі. Елдің мұндай күй кешіп жатқаны, ұятты, - дейді Сандерс.

Қоғамдық тыңдай туралы қандай да бір деректі Сандерс ұсынбады.


АҚШ сенаты Ресейге қарсы жаңа санкцияларға келісім берді

Заң жобасын 100 сенатордың 98-і қолдады.

Енді заң вето қоюға құқығы бар президент Дональд Трампқа қол қою үшін жіберіледі. Конгресске ветоны айналып өту үшін әр палатаның үштен екісі дауыс беруі керек. Дауыс беру нәтижесіне сүйенетін болсақ, мұның жүзеге асуы екіталай.

Шектеу шараларының жаңа пакеті күшіне енетін болса 2014 жылдан бергі ең ауқымды, әрі кешенді шара осы болады.

Заң жобасы РФ экономикасына қолданылған санкцияларды біршама кеңейте түседі. Көп жағдайда ол ресей банктерінің максималды қаржыландыруын қысқартады.

Сол сияқты су асты және актикалық қайраңдарына қатысты жобалар үйлестіріліп, мұнай газ жобаларына құралдар мен технологиялар тасымалдауға тыйым салынады. Мұнымен қоса санкцияға түскен компаниялардың барлық жаңа жобаларына шектеу қойылады.


Стамбулда бұршақты нөсерге байланысты метро тоқтап қалды

Стамбул стихиялық апатқа ұшырады. Түркияның ең алпауыт қаласында бұршақты нөсер жауды. Зардап шеккендер саны белгісіз.

Дауыл ұзаққа созылмаса да тигізген зардабы аз болмады. Бірнеше минут ішінде метро толып, автокөлік және теміржол туннельдері тегіс жабылды.

Тауық жұмыртқасымен бірдей бұршақ ағаштарды құлатып, тұрғын үйлерді зақымдады. Ауа райының бұзылуына байланысты кейбір әуе рестер бағыты өзгертілді.


Ханзада Уильям жедел жәрдем ұшқышы қызметінен кетеді

Ханзада Уильям East Anglian Air Ambulance (EAAA) жедел жәрдем ұшқышы қызметінен кетіп, ендігі өмір жолын сарай міндеттерін атқаруға жұмсайды.

Кебридж герцогы екі жыл қатарын медицина авиациясында қызмет етіп келген. Ол медқызметтеге жұмысымен мақтанатынын, алған тәжірибесіне алғысы барын жеткізеді.

- Біздің өңірде күнделікті адам өмірін құтқарумен айналысатын адамдармен жұмыс істегеніммен мақтана аламын, - дейді ханзада.

Ханзада қызметінде орын алған ең елеулі оқиғлардан да сыр шертеді. Мысал ретінде өз-өзіне қол салған еркекке барған сәтін мысалға келтіреді.


Борис Джонсонға «Хью Джекманнің» леггинсі сыйға тартылды

Британды СІМ басшысы Борис Джонсон австралиялық әріптесі Джули Бишоптан жүгіруге арналған шалбарды сыйлыққа алды. Сиднейде өткен баспасөз конференциясы барысында ол сыйлыққа алғысын білдіріп, ерекше сыйлықтарға құмар екенін Бишоптың қайдан білетіні туралы сұрақ қойды.

« Ботаникалық бақшада бір екі рет жүгіргенімді біреу сізге жеткізген болар», - дейді ол. Алған сыйлығын журналистерге көрсетпесе де, «Хбю Джекман» киетін шалбарды алғанына қуанышты екенін айтты.

Британ СІМ басшысы Австралияға тоғыз күндік турне аясында келіп отыр. Еуроодақтан шығуға дайындалып жүрген Лондон басты назарын Азиялық Тынық мұхиты өңіріне бұрып отыр.

Следующая →