Оңтүстік Корея президенті жануарлар үйінен ит асырап алды
Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Ин қаңғыбас жануарлар үйінен Тори атты ұсқынсыз итті асырап алды
Корея басшысы ұйым қорғауындағы жануарды қолына ала отырып, бұрын-соңды да ит асырап алғандығын айтты. Ал жануарларды қорғау ұйымы Тори атты иттің бұрынғы иесі қарт адам болғандығын әрі жануардың көп тамақ жейтіндігін айтады.
Президент Мун Чжэ Ин жануарларды қорғау туралы белсенді ойлап айтып жүрген басшының бірі. Соған дәлел ретінде ел президенті жануарлар теңдігі үшін ең ұсқынсыз итті асырауға шешім қабылдаған.
Президенттің Мару және Джинг-Джинг есімді екі аңшы иті бар. Оларды да асырап алған.