Мыңдаған мұсылман Ғибадатхана тауында намаз оқудан бас тартты
Мұсылмандардың діни жетекшілері израильдік үкіметтен Ғибадатхана тауындағы бақылау құралынан бас тартуды талап етуде
Мыңдаған араб мұсылмандар Иерусалимдегі Ғибадатхана тауына шығудан бас тартып, Израильдің құрметті орын айналасындағы қайшылықты реттеуге жол беру шешімін елеместен көшелерде намаз оқыған.
Мұсылмандардың діни жетекшілері бейнекамера орнатылған темір іздегіштердің жеткіліксіз екенін айтады. Олар Ғибадатхана тауының кіре берісінде қандай да бір бақылаудың толықтай болмауын талап етеді.
Естеріңізге саламыз, Израиль мен Палестинаның қарым қатынасы 14 шілде күні үш палестиналық полиция тобына оқ жаудырғаннан кейін ушықты. Оқиға нәтижесінде екі құқыққорғаушы қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың көзі жойылғаннан кейін, Израиль үкіметі Ғибадатхана тауына темір іздегіш құралдар орнатты.
Металл іздегіштер орнату мұсылмандар мен израильдіктерге де тең қастерлі саналатын орын израильдіктер мен палестиналықтардың қақтығыс алаңына айналды.
Иерусалимдегі қақтығыстан кейін Израиль билігі металл іздегіштен бас тартып, қару немесе жарылғыш затты, күдікті әрекетті, адамдардың тұлғасын анықтайтын бейнекамералар орнатып тастады.