Ашхабадта Түркіменстанның бірінші президентінің ескерткіші алынып тасталды
Ел астанасының орталық алаңдарында тұрған Түркіместанның бірінші президенті Сапармұрат Ниязовқа қойылған алтын жалатылған ескерткіш алынып тасталды
Бұл ескерткіш Махұмқали даңғылында орналасқан ІІМ ғимаратының алдында қойылған еді. Ал бір ай бұрын бұл ғимараттың алды-арты қоршалып, жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, алаңда тұрған ескерткіштің де көзі жойылған.
Ашхабад қаласында тұрған Түркіменбашының ескерткіштері бұрын да бірнеше рет алынып тасталған еді.
Сапармұрат Атайұлы Ниязов - Түркіменстанның Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тұңғыш президенті. 1990-2006 жылдар аралығында президент тағында отырған.