Трамп Ресейге қарсы қабылданған санкцияларды әлі алып тастамайды
АҚШ Президенті Д.Трамп Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға қарсы қабылданған санкцияларды алып тастауға ниетті емес
- Президент аталған үш елге қарсы қабылданған санкцияларды өзгертпейтіндігін айқын жеткізді. Дегенмен америкалықтардың бұл елдерден мүмкіндігі зор келісімдерді күтетіндігін айтты, - дейді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.
25 шілде күні АҚШ Конгресі Вашингтонның Ресей, Иран және Солтүстік Корея елдеріне қарсы жаңадан санкция қабылдау туралы заңға дауыс беруі керек еді. Құжатты Сенат мақұлдаған соң, АҚШ Президентінің өзі қол қоятын болады.